Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет60/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Нуржігіт Алтынбеков 
64 
заттарды көбейтіп, аспанды неге бағындырмаймыз? Біреу сұрады: Егер рух 
болмаса, онда Құдайға табынып сұрағаннан кейін неге жаңбыр жауды? Мұнда 
ешқандай таңғалатын нәрсе жоқ, өйткені жаңбыр Құдайға табынғанға дейін де, кейін 
де жауады» т.с.с. 
Дегенмен Қытай философиясында идеалистік ағымдар басым болып, негізгі 
философиялық толғаулар адам мәселесіне, қоғамның әлеуметтік-саяси жақтарына, 
басқару жүйесіне, моральдық сұрақтарға арналды. 
§ 3. Үнді мәдениет аясындағы философия 
Үнді халқының, көрші Қытай елі сияқты, 4-5 мыңжылдық өркениеттік тарихы бар. 
Олай болса, оның өзіне тән ерекшеліктері біршама. 
Үнді елінің ғажап ерекшелігі - оның әлеуметтік ұйымдастырылуында. Ондағы 
адамдар үлкен жабық әлеуметтік топтардан тұрады. Оны - варна, я болмаса каста 
дейді. 
Негізінен алғанда, Үндістан қоғамында 4 каста тарихи пайда болды. Олар: 
Брахмандар (ақтар); айналысатын істері - ой еңбегі, негізінен, діни қызметкерлер, 
ел басқарушылар. 
Кшатрилер (қызылдар); айналысатын істері — жауынгерлік істер. 
Вайшьилер (сарылар); еңбек етеін адамдар, негізінен, егін егу, мал бағу, 
қолөнермен айналысу т.с.с. 
Шудралар (қаралар) - ең ауыр, кір жұмыстармен айналысатындар. 
Тарихи алғы үш каста - б.ғ.д. 1500 жылдары Үнді еліне басқа жақтан келген арий 
тайпалары. Шудралар - жергілікті сол жерде пайда болған аборигендер болып 
есептеледі (аb огіgіnе - латын сөзі, басынан бастап). 
Әрбір кастаның өзінің әдет-ғұрыптары және басқа касталармен қандай 
қатынаста болу керек жөніндегі ережелері бар. Үлкен касталардың өзі іштей әртүрлі 
топтарға бөлінеді. 


Нуржігіт Алтынбеков 
65 
Басқа жақтан келген адамдар бірде-бір кастаның ішіне кіре алмағаннан кейін, 
өзінше дербес каста болып қалыптаса бастайды. 
Касталық қоғам қалай пайда болғаны, оған әкелген қандай себептердің болғаны 
белгісіз болса да, оның негізінде жатқан 3 принципті көрсетуге болады. Олар: 
Әрбір кастаның ішкі тазалығы және басқалардың сол тазалықты бұзуы 
мүмкіншілігінен пайда болатын үрей, қорқыныш сезімі; 
Касталық қоғамның пирамидальдық құрылымы. Әр каста өзінен төмен жатқан 
топтарға жоғарыдан қарап, өзінің қадірлігін сезінуге мүмкіндік алады. 
Реинкарнация, яғни адамның жан дүниесінің келесі өмірде ауысып кету 
мүмкіндігі. 
Әрбір адамның негізгі құндылығы сол өзі туып-өскен каста болғаннан кейін, 
индустар коғамның саяси өміріне, жерге, билікке онша көп мән бермеген. Үнді еліне 
жер ауып келген басқа халықтар ерекше каста болып, өзінің әдет-ғұрыптарын, тілін 
сақтауға жақсы мүмкіндік алып, сол коғамның ерекше құрамдас бөлігі ретінде 
жеңіл сіңісіп кетеді. 
Үнді халқының тағы бір орасан-зор ерекшелігі - оның өте бай мифологиясында. 
Жер бетіндегі бірде-бір халықтың аңыздарын үнді аңыздарымен салыстыруға 
болмайды. 
Үнді аңыздарында 3 мыңнан артық Құдай кейіптері суреттелген! Олар да 
адамдар сияқты сүйінеді, күйінеді, туады, қартаяды, соғысады, бір-біріне 
көмектеседі т.с.с. 
Үнді мифологиясындағы негізгі Құдайлар мен негізгі ұғымдар: 
Индра - найзағайдың, күн күркіреудің Құдайы; 
Митра — күн Құдайы; 
Варуна - аспан Құдайы; 
Агни - от Құдайы; 
Яма - өлім Құдайы; 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет