Нуржігіт Алтынбеков
65
Басқа жақтан келген адамдар бірде-бір кастаның ішіне кіре алмағаннан кейін,
өзінше дербес каста болып қалыптаса бастайды.
Касталық қоғам қалай пайда болғаны, оған әкелген
қандай себептердің болғаны
белгісіз болса да, оның негізінде жатқан 3 принципті көрсетуге болады. Олар:
Әрбір кастаның ішкі тазалығы және басқалардың сол тазалықты бұзуы
мүмкіншілігінен пайда болатын үрей, қорқыныш сезімі;
Касталық қоғамның пирамидальдық құрылымы. Әр каста өзінен төмен жатқан
топтарға жоғарыдан қарап, өзінің қадірлігін сезінуге мүмкіндік алады.
Реинкарнация, яғни адамның жан дүниесінің келесі өмірде ауысып кету
мүмкіндігі.
Әрбір адамның негізгі құндылығы сол өзі туып-өскен
каста болғаннан кейін,
индустар коғамның саяси өміріне, жерге, билікке онша көп мән бермеген. Үнді еліне
жер ауып келген басқа халықтар ерекше каста болып,
өзінің әдет-ғұрыптарын, тілін
сақтауға жақсы мүмкіндік алып, сол коғамның ерекше құрамдас бөлігі ретінде
жеңіл сіңісіп кетеді.
Үнді халқының тағы бір орасан-зор ерекшелігі - оның өте бай мифологиясында.
Жер бетіндегі бірде-бір халықтың аңыздарын үнді аңыздарымен салыстыруға
болмайды.
Үнді аңыздарында 3 мыңнан артық Құдай кейіптері суреттелген!
Олар да
адамдар сияқты сүйінеді, күйінеді, туады, қартаяды, соғысады, бір-біріне
көмектеседі т.с.с.
Үнді мифологиясындағы негізгі Құдайлар мен негізгі ұғымдар:
Индра - найзағайдың, күн күркіреудің Құдайы;
Митра — күн Құдайы;
Варуна - аспан Құдайы;
Агни - от Құдайы;
Яма - өлім Құдайы;