Нуржігіт Алтынбеков 673
теледидар мен газеттердің бетінен түспей, біздің жастарды да уландыруда. Бұл
біздің елді «вестернизациялаудың» (батыстандыру) бірден-бір жолы болса керек.
Әрине, махаббаттың негізінде сүйген адамдардың бір-біріне деген жыныстық
құмартуы жатыр, оны терістеуге болмайды. Бірақ ол құмарту нақтылы адамның
мәдени-рухани деңгейіне қарай неше түрлі жарқын сезімдермен, романтикалық
қиялдармен өрнектелмей ме? Жас дос, сіз мұны естен шығармағаныңыз жөн.
Антропологиялық философия бағытына келер болсақ, олар адамның санасын,
жалпы руханиятын оның басынан биологиялық толыққанды еместігінен пайда болған,
соны толықтыратын механизм ретінде қарайды. М.Шелер адамның рухы бәрін
түсінгенмен, әлсіз, ол орасан зор «өмір күшіне» бағынады, туралы пікір айтады.
К.Лоренц барлық саналы түрде әлеуметтік ретке келтіру механизмдерін адамның
агрессивтік инстинктерінен көреді. Ол жануарларға да тән инстинкт. «Адамның жер
бетінде тез көбеюі, қоршаған ортаның құлдырауы, ғылыми-техникалық революцияның
тез қарқынмен жүруі, бақталастық (жалпы, ол қазіргі адамзаттың жеті күнәсін
көрсетеді) т.с.с. факторлар, оның агрессивтік инстинктін күшейтуде», - деген қорытуға
келеді.
Енді Батыстағы «Франкфурт мектебінің» өкілдеріне (М.Хорк-хаймер, Т.Адорно)
келер болсақ, олар негізгі кемшілікті Батыс адамының табиғатқа үстемдік жүргізу
әрекетінен көреді. Ол бір өл-шемді адамның дүниеге келуіне әкеледі. Ал нағыз
керек нәрсе - адамның өз ішкі табиғатын өз еркіне көндіру: неше түрлі күңгірт
инстинктерін – нәпсілік, құмарту, қирату т.с.с. ауыздықтау болмақ. Сонымен Батыс ой
пікірі сонау Сократқа (өзінді тани біл), Анарысқа (нәпсің мен тіліңді тия біл)
қайтып оралғандай болды. Олар қазіргі адамзатты толеранттыққа (төзімдікке), өзара
түсінушпілікке, руханиятты жоғары ұстауға шақырады.
«Радикалдық
гуманизм»
бағытының
көрнекті
өкілі
Э.Фромм
Батыс
цивилизациясының негізгі кемшілігін жаттану, заттандыру, өмірдің мән-мағынасын бұл
дүниеде болу емес, алуды іздегеннен көреді. Адамның нағыз болмысы - оның рухани
құндылықарға ұмтылуында, бір-бірімен сырласып, шығармашылық сатыға өтуінде,