Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет614/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   610   611   612   613   614   615   616   617   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Нуржігіт Алтынбеков 
681 
оның жарқын, я болмаса күңгірт ұмтылуларын, жалпы алғанда, өмір сүруге 
(витальдық) бағытталған күш-қуатын айтамыз. Яғни оны адамның дене құрылысымен 
өте тығыз байланысты сезімдік-психикалық құбылыстардың жиынтығы деуге де болар 
еді. Тарихи жан адаммен бірге дүниеге келеді. Ал рухқа келер болсақ, ол адам 
психикасы дамуының соңғы жетілген сатыларымен байланысты. Неміс философы 
К.Ясперстің ойынша, рухтың дүниеге келген уақыты -кіндікті заманда (осевое время), 
шамамен б.з.д ҮІП-ІІ ғғ. болса керек. Осы кезде адамның абстрактілік ойлау қабілеті 
жетіліп, мифологиялық дүние түсіну философиялық пайымдауға ауысып, 
көпқұдайлықтан бірқұдайлыққа негізделген дүниежүзілік діндер дүниеге келеді. Міне, 
осы уақытта жан-дүниенің үстінде рух пайда болады. 
Енді жеке адамның өмір сатыларына келер болсақ, онда да рух жаннан кейін 
қалыптаса бастайды. Егер жан деп біз адамның организм ретіндегі өмірге деген 
интенциясын (ұмтылысын) айтсақ, рухтың өмір сүруі тікелей адамның дене 
кұрылысымен байланысты емес. Мысалы, әйгілі философ И.Канттың әлсіз денесінде 
күшті рух болды емес пе? Рух өз қалыптасу заңдылықтарына сүйенеді, өз-өзін адам 
өмір шеңберінің аяғына дейін дамытып, кейбір кезде тіпті адамның дене ахуалын 
ауырлатып та жіберуі мүмкін. 
Негізінен, адамның өмір сатысын үшке бөлуге болады. Бірінші - жастық 
шақты эстетикалық, я болмаса романтикалық саты дейміз. Өйткені жастық 
гүлденген шақта адам әсемдікке ұмтылады, өмір жаңа ғана басталып жатыр, алда 
мәңгілік жатқандай болып сезіледі. Адам мейлінше өмірден сезімдік ләззат алсам 
дейді. Бұл жолға түскен адамның сезімі бірте-бірте жұқара түсіп, ақырында оның 
шектелгенін сезеді. Өмірдің сыртқы және ішкі жағына келер болсақ, оның екеуі де 
жеңіл сияқты көрінеді. 
Екінші сатысында адам есейген, естияр кезінде прагматикалық (бейімделу, 
пайда табу) кезден өтеді. Адам сыртқы өмірге аса көп ойланбай бейімделіп, балалы-
шағалы болып, ішкі өміріне де көбірек үңіле бастайды. Сыртқы өмір ауыр 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   610   611   612   613   614   615   616   617   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет