Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет678/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   674   675   676   677   678   679   680   681   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Нуржігіт Алтынбеков 
747 
Жаһандану үрдісі «Солтүстік пен Оңтүстік» проблемасын тудырды. Бүл - 
төртінші мәселе. Жалпылай келе, экватордан жоғары орналасқан елдердің даму 
қарқыны мен өмір сүру деңгейі төмен жатқан елдерден гөрі анағұрлым биік. Егерде 
дамыған елдерде тойымсыздық жолына түскен «алтын млрд.» тұрып жатса, жер 
бетінде осы күнге дейін тағы 1 млрд. жуық адам, басқа қажеттіліктерді өтеуді 
айтпағанның өзінде, күнбе-күн азық-түлікке жарымай отыр, ал 75 млн. адам аштықтың 
зардабынан жыл сайын дүниеден кетеді. Бұл дамыған елдер мен дамып келе жатқан 
елдердің арасындағы қайшылықтың өсуімен тығыз байланысты. Бүгінгі таңда дамып 
келе жатқан елдердің дамыған елдерге 1 трлн. доллардан артық берешегі бар!!! Олар 
оны өтеу түгіл, оның өсімінің өзін төлеуге қиналады. Сондықтан да Кубаның көсемі 
Ф.Кастро БҰҰ-ның мінбесінен осы борышты сызып тастауға шақырды. Алайда 
дамыған елдер ондай шараға барар емес. Ал мұндай жағдайдың өршуі кедей 
елдердің наразылығын тудырып, неше түрлі экстремистік қозғалыстарға дем береді. 
Әрине, дамыған елдер оларға көмек жасағандай болады. Жылына шамамен 50 
млрд. доллларға жуык қаржы бөлінеді (салыстырыңыз: 2003-2004 жж. АҚШ бір ғана 
Ирактағы соғысқа 200 млрд. артық каражат жүмсады). Өткен ғасырдың екінші 
жартысында дамыған елдер «көмек» ретінде ауыр да кір өндіріс салаларының 
біршамасын дамып келе жатқан мемлекеттерге аударды. Нәтижесінде олар үш 
ұтысқа ие болды: өз елдерінін экологиясын дүрыстады, екіншіден, арзан жұмыс 
күшін пайдаланып, табыстарын өсірді, үшіншіден, ол елдердің шикізаттарын 
пайдаланды. Дегенмен де ол кезде дамыған елдер мен дамып келе жатқандардың 
арасындағы айырмашылық бірте-бірте қысқарады деген үміт болатын-ды. XX ғ. 70-
80 жж. бұл айырмашылық, керісінше, күрт өсе бастады. Өйткен себебі, біршама 
дамып келе жатқан елдер жаңа компьютерлік бағдарламаға негізделген 
технологияларды игеруге халықтың жалпы білімінің төмендігінен қол жеткізе алмады. 
Ғалымдардың есебі бойынша, кейбір елдер дамыған мемлекеттерден 150 есеге дейін 
қалып койыпты!!! Егерде, шикізатқа бай елдер табиғи байлықтарын сатып күн көрсе, 
жоқ елдер дүниежүзілік сауда үрдісінің шетіне ысырылып, қайыршылықтың ауыр 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   674   675   676   677   678   679   680   681   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет