Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет677/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   673   674   675   676   677   678   679   680   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Нуржігіт Алтынбеков 
746 
- адам. Олай болса, сапалы жасалған қатаң экология заңдары қажет. Әсіресе 
шикізат өндірісіне қойылатын экологиялық талаптар өте қатал болуы керек, өйткені 
олар - қоршаған ортаны ластауға негізгі «үлес» қосады. Өндіріске енгізілетін бірден-бір 
кешен экологиялық талаптарды орындамай, іске қосылмауы керек. 
Соңғы - халықтың экологиялық санасын биік деңгейге көтеру. Ол жұмыс мектеп 
табалдырығынан басталып, барлық ұжымдарда жүйелі түрде жүруі қажет. Күнбе-күнгі 
ақпарат құралдарында бұл мәселе өз орнын тауып, қоғамдық сананың өткір сұрағына 
айналуы қажет. 
Жас дос, қорыта келе, сіз де өз Отанын, оның сұлу да қатал табиғатын жан аямай 
қорғайсыз ғой деп сенеміз. 
Үшінші демографиялық мәселелер, яғни жер бетіндегі халықтың тым тез 
қарқынмен өсуі. Егер соңғы мыңжылдыкта жер бетіндегі халықтың саны 15 есе өссе, 
оның бірінші рет екі есеге өсуі 700 жылда болса, соңғысы - 40 жылда (егер 1956 ж. 
жер бетінде 2,8 млрд халық өмір сүрсе, 2004 ж. - 6,3 млрд.). Әрине, бұл деректер үлкен 
ойға қалдырады. Бұл өсімнің 9/10 даму барысындағы елдерге жатады. Сонымен 
қатар дамыған елдердегі халықтың қүрылымын алар болсақ, онда кәрілердің саны 
өсіп (жақсы жағдайдағы өмір үзақтығына байланысты), сонымен қатар туу деңгейі 
тым төмендеп кеткен. Сондықтан ол елдерде халықтың өсуі түгіл, оны ескі деңгейде 
сақтау үлкен мэселеге айналуда. 
Демографтардың болжауынша, алдағы уақытта Үндістан халқының саны 
қытайлықтардан да гөрі өсіп, ал Африкада халықтың саны 1,5 млрд. дейін жетуі 
мүмкін. Халқы тез өсіп жатқан даму үстіндегі елдердегі өндіргіш күштердің төмендігі, 
ауыл шаруашылығы өнімділігі, тұрғындардың жалпы мәдени деңгейі, білім беру 
саласы – бәрі де сын көтермейтін жағдайда. Мұндай ахуал бүрыннан келе жатқан 
өмір салтын үстау, бала тууға шек қоймау әдетімен байланысты екені айдан анық. 
Сондықтан бұл үрдіс таяу арада бәсеңдейді деу артығырақ болар. Дегенмен де 
Қытай еліндегі соңғы 15 жыл шамасында жүргізілген демография-лық саясат өз күшін 
көрсетті. Ертелі-кеш басқа елдер де сондай саясатқа көшуі мүмкін. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   673   674   675   676   677   678   679   680   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет