Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет7/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Нуржігіт Алтынбеков 

қарамастан (humanitas - латын сөзі, адамгершілік, адамзат), мифтерге сену, олардың 
жаңа түрлерін тудыру осы уақытқа шейін жалғасып келе жатыр. Мысалы, 
адамдардың ғарыштағы басқа саналы пенделерге кездесуге деген бітпес іңкәрі неше 
түрлі аспаннан ұшып келген тарелкалар жөнінде, ондағы жандардың адамға ұқсас 
екені, жер қызының ғарыштан келген жігітке ғашық болғаны жөніндегі мифтерді 
атап өтуге болады. Сонымен бүгінгі таңда, сонау мыңдаған жылдар өткен замандағы 
сияқты, 
қазіргі 
мифтің 
мазмұнынан 
біз 
жоғарыда 
көрсетілген 
антропоморфизациялауды байқаймыз. 
Әсіресе қазіргі замандағы әлеуметтік-экономикалық қиындықтар, адамның рухани 
өмірінің өзегін құрайтын құндылықтардың күрт өзгеруі қоғам өмірі жөнінде, билік 
басында отырған адамдар, олардың отбасылары, өмір салты жөнінде неше түрлі 
мифтерді тудырып отыр. Әрине, оларды тудыратын - халық, бұл мифтерде адамдардың 
жақсы өмірге деген іңкәрі, өмірдегі болып жатқан көп әділетсіздіктерді қабылдамауы 
байқалады. 
Уақыт өте келе мифологияның шеңберінен дін бөлініп шықты, сонымен 
қоғамға дүниеге деген көзқарас, дүние сезімінің жаңа түрі келді. Дін де мифологияға 
ұқсас синкретикалық табиғатымен, сонымен қатар Дүниені фантастикалық 
бейнелеуімен ерекшеленеді. 
Сонымен қатар бұл кұбылыстардың негізгі айырмашылықтары: мифте шынайы 
өмір мен қиял бір-бірімен араласып жатса, дінде «бұл Дүние» мен «о Дүние» бір-
бірінен анағұрлым алшақ жатыр. Өйткені егер бұл Дүниедегінің бәрі де өтпелі, 
кемшілікті, өз-өзіне жеткіліксіз болатын болса, о Дүние – мәңгі, әсем, бақытты, 
жетілген т.с.с. 
Дінде ең құдіретті жасампаз –Құдай- табиғаттан жоғары және бөлек тұр. Оны 
ғылыми жолмен танып-білу мүмкін емес, ол адамға аян арқылы беріледі де, адамның 
жан дүниесінде терең сенім сезімін туғызады. 
Сенім дегеніміз - белгілі бір қоғамдағы уағыздалатын пікірлерге, нәрселерге 
берілу, олардың шындығын тексеру, я болмаса дәлелдеуді қажет етпеу. Осы тұрғыдан 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет