Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет10/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   692
Нуржігіт Алтынбеков 
11 
қайшы келетін нормалар да болуы мүмкін. Мысалы, Иса пайғамбардың: «Мен сендерге 
бейбіт емес, қылыш әкелдім», - деген қағидасы бар. Ал ислам дініндегі «жихад», 
«газауат» деген нормалар дінге сенбегендерге қарсы күреске шақырады. Адамзат 
тарихында талай діни соғыстар болып өтті. Қазіргі Балқан елдеріндегі, Израиль мен 
Ирактағы кақтығыстардың негізінде де діни, этникалық қайшылықтар жатыр. 
Құдайдың құдіретті күшіне сенушілік ертелі-кеш соған табынуға әкеліп соғады. 
Дінге табынушылықтың негізінде әртүрлі діни мекемелер мен ұйымдар пайда 
болады (шіркеу, мешіт, синагога және т.б.). 
Діннің пайда болып даму жолында біршама себептер бар. 
Біріншіден, дін мифологиялық санаға қарағанда, адамның абстрактылық ойлау 
қабілетінің анағұрлым биік дәрежеде дамуын талап етеді (о дүние, мәңгілік, шексіздік, 
әсемдік, ізгілік және т.б. ұғымдардың пайда болуы). 
Екіншіден, адамның реалдық Дүниедегі, әсіресе қоғам өміріндегі себептік-
салдарлық, қажеттік және кездейсоқтык т.с.с. байланыстар мен қатынастарды сезініп, 
соларды түсінуге деген өшпес іңкәрі. Бірақ олардың мәнін дұрыс түсіне алмағаннан 
кейін, адамдар табиғаттағы заңдылықтарды неше түрлі құдіретті күштерге теңеп, 
соларға табыну арқылы оларды адамға керек бағытта өзгертуге ықпал жасауға 
болатынына сенді. 
Үшіншіден, адамның әлеуметтік өмірдегі зардап шегуі, езілуі, зорлық-
зомбылықтың жақсылық пен ізгілікке қарағанда басымдылығы оның көкейінде бұл 
Дүниедегі өзінің өміріне қанағаттанбай, әрдайым шынайы құндылықтарды 
армандап, оның әлемін о Дүниемен теңеуге әкеліп соқты. 
Төртіншіден, адамның өз өмірінің уақытшалығы, әрдайым оның өлместікке 
деген қиялын оятып, оның мәңгілік, кемеліне келген бақытты Дүние болуы керек 
деген ойын туғызды. 
Басқа қоғамдағы сан алуан құбылыстар сияқты дін де тарихи өзгерістерге түсіп, 
өзінің әртүрлі бағыттарын тудырды. Бүгінгі таңда жер бетінде үш негізгі 
дүниежүзілік діндер бар. Христиан дініндегі негізгі идея - эсхатология (еsсһаtоs - 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет