Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет419/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   415   416   417   418   419   420   421   422   ...   692
Нуржігіт Алтынбеков 
481 
болады. Сонымен Батыс мәдениеті экстраверттік (ехіга - латын сөзі, сыртқа 
бағытталған деген мағына береді), айнала қоршаған ортаны танып-біліп, соның 
негізінде жетілдіруге бағытталған болып шықты. 
Бұл арада «Шындык қайда, кімнің колында: Батыста, я Шығыста ма?» деген 
заңды сұрақ пайда болады. Батыс Рухы мыңдаған жылдарға созылған өркениет 
тарихында айнала қоршаған ортаны жетілдіру жолында сан алуан жетістіктерге 
жетті: оның айқын көріністері - ғарыштағы ушып жүрген жасанды Жер серіктері, 
бүкіл дүние жүзін шырмап алған Интернет жүйесі. өмірдің шын сырын ашу 
жолындағы жасалып жатқан клондау эксперименттері, миллиондаған әртүрлі 
техникалық құралдар мен жабдықтар т.с.с. 
Бірақ, сонымен катар өмірді нәзік те терең сезінетін ойшылдар XIX ғ. 
аяғынан бастап-ақ, бүкіл XX ғ. шеңберінде Батыс өркениетінің шытынай 
бастағаньш ашық айтқан болатын (О.Шпенглер, Х.Ортега-и-Гассет, Э.Фромм, 
Г.Маркузе т.с.с.)- Материалдық Дүниені өз еркіне көндіріп, оны өзгерту барысында 
Батыс адамы өзінің Құдай еместігіне бугінгі таңда әбден көзі жетті. XX ғ. өткен екі 
дүниежұзілік соғыстар, сонын нәтижесінде кырылған миллиондаған адамдар, бүгінгі 
таңдағы экологиялык апаттар мен дағдарыстар, адамның материалдык жағынан 
бай болғанымен,рухани-адамгершілік тұрғысынан жүдеуі т.с.с. бәрі де Батыс 
өркениетінің тұйықтықка келіп тірелгенін көрсетеді. 
Ал Шығыс елдеріне келер болсақ, ғылыми-техникалық жетістіктерді 
игеріп, оны өз мәдениеті, дүниесезімімен ұштастыра білген елдерді саусақпен ғана 
санауға болады (Жапония, Малайзия, Сингапур, Онтүстік Корея). Өз рухани
мәдениетінің мыңдаған жылдарға созылған ерекше тарихы болса да, көп Шығыс 
елдері жана ғана дамып келе жатқан елдер қатарына жатады, өйткені онда кедейшілік 
пен кайыршылық, жұмыссыздық кең етек алған. Бір жағынан алғанда, Шығыс 
елдеріндегі халықтар Батыс mass media туындыларын қабылдамайды, өйткені 
олардың рухани болмысына олар қайшы келіп, калың бұқараның наразылығын




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   415   416   417   418   419   420   421   422   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет