Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет433/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   429   430   431   432   433   434   435   436   ...   692
Нуржігіт Алтынбеков 
495 
сақталады. Ал өзіндік негізі жоқ «біркүндік» туындылар бүгін дүниеге келіп, ертең-
ак ұмытылып калады. Тіпті математиканың ең абстрактіліқ саласы - 
метаматематиканың өзін алсақ, оның өзі де ауыспалы тәуелсіздікке негізделген. 
Жоғарыда айтылғанды корыта келе, тэуелсіздік категория-сының болмыстык 
мэртебесін мойындауға тура келеді. 
Сонымен қатар Дүниедегі өмір сүріп жатқан бірде-бір зат, қүбылыс өзіндік 
болмысына қаншалықты «үмтылса да», толығынан өзімен-өзі бола алмайды
сондықтан ол өз тэуелсіздігінің белгілі бір бөлігінен айырылуға мәжбүр болады.
Мүны соғыстан кейінгі Албанияның әлеуметтік тәжірибесі айқын көрсетті. 
Батыспен де, Шығыс социалистік елдерімен де байланыстарын үзген сол елдің 
басшылары өз Отанын толық апатқа дейін әкеліп тіреді емес пе? Бүгінгі әлемде
адамзатқа қажет 2,5 млн. жуық әртүрлі заттар өндірілсе, бірде-бір мемлекет, 
канша алып болса да, басқа елдермен карым-қатынаска, кооперацияға туспей, дербес 
өмір сүре алмайды. Олай болса, тэуелділік тәуелсіздікке қарама-қайшы, яғни 
қарсы бағытталған категория болып шықты. Егер тәуелсіздік жалқының 
қайталанбайтын өзіндік жақтарымен тығыз байланысты болса, тәуелділік
жалпылықтың негізінде өмір сүреді. Аталған екі категорияның «басын 
біріктіретін» дәнекер - заттар мен құбылыс тардың өзара тәуелділігі, өйткені зат пен 
құбылыстың өзіне тән қайталанбас жақтарымен есептеспейтін біржакты тәуелділік 
ертелі-кеш бұзылады, басқа жағдайда – тәуелді заттың құруына әкеледі. Мысалы, 
бұрынғы Кеңес Одағының күрт жарылуының негізгі себептерінің бірі оның 
халықтардың тілі мен діні, әдет-ғұрпына тигізген зәбірлігі болды емес пе? Барлық 
халықтарды «орыстандыруға» бағытталған саясат ішкі наразылықты тудырып, ұлт-
азаттық сезімді, халықтың ар-намысын оятты. Егерде Ресей саясатшылары уақытында 
шешен халқына федерацияның шеңбе-рінде дербес даму мүмкіншілігін бергенде, 
бүгінгі қантегіс болмас еді. 
Халықтар арасындағы өзара тәуелділік - олардың мүдделерін келіссөздер арқылы 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   429   430   431   432   433   434   435   436   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет