Баяндама: Өздігінен білім жетілдіру–кәсіби кемелдену. Ешкім басқаға өзінде жоқ нәрсені бере алмайды, өйткені өзі дамыған, тәрбиелі, білімді болмаса, ол ең алдымен өзі-өзінің тәрбиесімен айналыспаса, басқаларды дамыта, тәрбиелей



бет1/3
Дата16.12.2023
өлшемі49 Kb.
#140209
  1   2   3
Байланысты:
Өзін-өзі жетілдіру баяндама семинар (1)


Баяндама: Өздігінен білім жетілдіру–кәсіби кемелдену.


Ешкім басқаға өзінде жоқ нәрсені бере алмайды, өйткені өзі дамыған, тәрбиелі, білімді болмаса, ол ең алдымен өзі-өзінің тәрбиесімен айналыспаса, басқаларды дамыта, тәрбиелей, білім бере алмайды.
А.Дистервег
Қазіргі қоғам адамнан прогрессивті ойлай алатын, белсенді әрекетті, жан-жақты болуды талап етеді. Біздің елімізде жаңаша білім беруде әлемнің алдыңғы қатарлы мемлекеттерінің қатарына ену мақсатында түрлі шаралар атқарылуда. Бүгінгі білім беру үрдісі адамның ішкі табиғи мүмкіндіктерін ашып, әр адамның өзінің «Менін» сезінуге, толықтыруға көмектесетіндей, сыртқы әлеммен әлеуметтік қарым-қатынастарда өз орнын табуға, өзін шығармашылықпен өзгертуге белсенділік танытуға ықпал етуі тиіс. Бүгінгі таңдағы қоғам кәсіби білімі жетік, құзіретті, бәсекеге қабілетті мамандарды талап етеді. Білікті ұстаз, білімді маман болу үшін–әрбір мұғалім өз білімін үздіксіз көтеріп отыруы тиіс.

Білімін тұрақты көтеріп отыру – мұғалімдердің құқықтары әрі міндеттері, білім беру жүйесінің тұрақты дамуының кепілі, мемлекеттің дамуының құралы болып табылады.


Мұғалімнің кәсіби шығармашылығы–оның жан-жақты білімінен ұстаздық шеберлігімен, оқытудың жаңа әдістерін меңгеруімен өлшенеді. Мұғалім қаншалықты білімді, шығармашыл болса, оның білім беру аясы да соғұрлым кең болмақ.


Аталған талаптар мұғалімнің шығармашылық іспен айналысуын қажет етеді. Жаңашыл мұғалім – өзін-өзі дамытып отыратын тұлға. Олай болса «өзін-өзі дамыту немесе жетілдіру» деген не? Соған тоқталайық.




Өздігінен білім жетілдіру – бұл адамның барлық рухани және физикалық күштері қатысқан тұлғаның ең жоғарғы өзін-өзі жетілдіретін көрсеткіші; бұл шығармашылық іс-әрекеттің түрі.


Өзін-өзі жетілдіру дегеніміз – өздігінен білім алу, өз бетімен оқу, жетілу процесі болып табылады.


Өздігінен білім алудың мақсаты:
Оқу және тәрбие әдістерін жетілдіру және кеңейту мақсатында жалпы педагогикалық және психологиялық білімдерін жетілдіріп, кеңейту;
Өз пәнінің саласы бойынша терең білім алу;
Озық педагогикалық тәжірибелер мен педагогикалық ғылым жетістіктерін меңгеру;
Мұғалімнің жалпы біліктілік, білімділік деңгейін жетілдіру,
Әдістемелік тақырыбы мұғалімдердің жұмыс жоспарында ашылуы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет