Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет85/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   692
Нуржігіт Алтынбеков 
98 
тамашалау -ол құдіретті күшті көрумен тең. 
Ал идеялар әлемі бар болса, ол қай жерде екен деген сұрақ заңды түрде пайда 
болады. Оның орнын Платон «Гиперуранияда -ол аспаннан да жоғары орналасқан», - 
дейді. Олай болса, ол материалдык әлемнен басқа, оны тек ақыл-оймен ғана 
түсінуге болады. 
Платон идеялар әлемін белгілі бір жүйе ретінде қарайды. Олай болса, оның 
төменгі және жоғары дәрежеде орналасқан құрамдас бөліктері бар. Жүйенің ең 
шыңында ізгілік идеясы орналасқан. Ол - Бірліктің көрінісі. Оған қарсы тұрған 
екінші бастау ол Диада шексіз көптіктің бастауы, үлкен мен кішкентайдың, 
шексіз үлкен мен шексіз азды камтиды. 
Осы екі бастаудың қосылысы идея әлемін құрайды. Әрбір идея бір жағынан 
шексіз, екінші жағынан шектелген. 
Бірақ әңгіменің ең қиындығы - идея әлемі материалдық Дүниені қалай 
тудырады? Материалдық емес нәрсе - материалдык сезімдік өзгеріп жатқан әлемді 
қалайша дүниеге әкеледі? 
Платонның ойынша, материя мәңгілік өзімен-өзі өмір сүріп жатқан енжар 
нәрсе. Оны хаостық жағдайдан (сһаоs - тұңғиық, белгісіз, бітімсіз, еш тәртіпсіз 
деген мағына береді) космосқа, тәртіпке келтірілген Дүниеге әкелген - Демиург. Ол 
идеалды әлемді үлгі ретінде алып, материяға бітім беріп, бұл Дүниені тудырды. 
Идея әлемі - парадигма - ол мәнгі, алғашқы, Демиург та Құдай ретінде мәңгі, 
бірақ сезімдік әлем, түпнұсқа емес, жасалған, көшірмелі болғаннан кейін - өтпелі, 
жалған, көлеңке. 
Әрине, бүгінгі таңдағы білім тұрғысынан біз Платонның идея әлемін қатты сынға 
ала аламыз. Әрбір Дүниедегі жеке заттың тек өзіне ғана тэн жақтарымен бірге басқа 
заттарға оны жақындататын жалпы жақтары бар. Адам таным процесінде заттардың 
жалпы қасиеттерін зерттеп, оны белгілейтін ұғымдарды туғызады. Оны адам тіл 


Нуржігіт Алтынбеков 
99 
аркылы береді. Олай болса, әрбір сөз Дүниені жалпылайды, әсіресе, ғылыми ұғымдар. 
Мысалы, адам ұғымы жер бетінде өмір сүріп жатқан 6,3 млрд адамзатты қамтиды. 
Нақтылы жеке адам Дүниеге келіп, кетуі мүмкін, ал адам ұғымы кала береді. Бірақ осы 
нақтылы тірі өмір сүріп жатқан адамдар болмаса, онда адам ұғымы да болмас еді. 
Мәселе Платонның идеалдық әлемінде емес, әңгіме сол идеялар әлемін 
тудыратын ұғымдарда. Платоннан кейін ұғымдарды зерттеу, олардың табиғатын ашу, 
бір-бірімен байланысын көрсету -философияның негізгі мәселелерінің біріне айналды. 
Енді Платонға қайта оралып, оның таным теориясына (гносеология) келетін 
болсақ, онда оның негізінде анамнез жатыр. Адамның жан дүниесі мәңгілік, оның 
шыққан тегі - идеялар әлемі. Сондықтан дүниетану жолында біздің жанымыз өзінің 
идеалды әлемінде болған шағын еске түсіре отырып қана ұғымдарды тудырады. 
Ал сезімдік танымға келетін болсақ, ондағы білім көбінесе жалған, өйткені бұл 
өмірдің өзі өтпелі, тұрақсыз. Сондықтан сезімдік жолмен танылған пікірді Платон 
докса дейді. Егер пікірді біз соған сәйкес ұғыммен негіздесек, онда ол ғылымға 
айналады. 
Платонның ойынша, бұл өмірде бізді идеялар әлемін жалғастыратын жалғыз 
ғылым, жан дүние ғана емес, сонымен бірге Эрос және сүйіспеншілік. Олар бізді 
қүдіретті әлеммен байланыстыратын көпірге ұқсайды. Эрос бізге қанат-күш беріп, 
әсемдіктің әртүрлі сатыларынан өткізіп, соған ақырында жеткізеді. 
Ал сүйіспеншілікке келетін болсақ, ол - сұлулық пен ізгілікке құмарту. Олай болса, 
ол - философия, даналықты сүю, өйткені даналықтың өзі сұлулық пен ізгілікті сүюмен 
тең. 
Сүюдің бірінші баспалдағы - ол жыныстық сүю, әсем денеге деген құмарту және 
соның ішінде басқа өмірді келтіру; онда да өлместікке деген құштарлык бар: 
ұрықтандыру жолында жаңа өмір Дүниеге келеді - ол өлместіктің кепілі. 
Екінші сатыда сүюдін басқа бітімі Дүниеге келеді: біз денеге емес, басқа адамның 
жан дүниесімен тіл табысып, оны сүйеміз: онда шашылатын тұқым рухты 
жандандырып, байытады, өнерге, білімге, әділеттілікке, ізгілікке деген құштарлық 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет