Нуржігіт Алтынбеков
99
аркылы береді. Олай болса, әрбір сөз Дүниені жалпылайды, әсіресе, ғылыми ұғымдар.
Мысалы, адам ұғымы жер бетінде өмір сүріп жатқан 6,3 млрд адамзатты қамтиды.
Нақтылы жеке адам Дүниеге келіп, кетуі мүмкін, ал адам ұғымы кала береді. Бірақ осы
нақтылы тірі өмір сүріп жатқан адамдар болмаса, онда адам ұғымы да болмас еді.
Мәселе Платонның идеалдық әлемінде емес,
әңгіме сол идеялар әлемін
тудыратын ұғымдарда. Платоннан кейін ұғымдарды зерттеу, олардың табиғатын ашу,
бір-бірімен байланысын көрсету -философияның негізгі мәселелерінің біріне айналды.
Енді Платонға қайта оралып, оның таным теориясына (гносеология) келетін
болсақ,
онда оның негізінде анамнез жатыр. Адамның жан дүниесі мәңгілік, оның
шыққан тегі - идеялар әлемі. Сондықтан дүниетану жолында біздің жанымыз өзінің
идеалды әлемінде болған шағын еске түсіре отырып қана ұғымдарды тудырады.
Ал сезімдік танымға келетін болсақ, ондағы білім көбінесе жалған, өйткені бұл
өмірдің
өзі өтпелі, тұрақсыз. Сондықтан сезімдік жолмен танылған пікірді Платон
докса дейді. Егер пікірді біз соған сәйкес ұғыммен негіздесек, онда ол ғылымға
айналады.
Платонның ойынша, бұл өмірде бізді идеялар әлемін жалғастыратын жалғыз
ғылым, жан дүние
ғана емес, сонымен бірге Эрос және сүйіспеншілік. Олар бізді
қүдіретті әлеммен байланыстыратын көпірге ұқсайды. Эрос бізге қанат-күш беріп,
әсемдіктің әртүрлі сатыларынан өткізіп, соған ақырында жеткізеді.
Ал сүйіспеншілікке келетін болсақ, ол - сұлулық пен ізгілікке құмарту. Олай болса,
ол - философия, даналықты сүю, өйткені даналықтың өзі сұлулық пен ізгілікті сүюмен
тең.
Сүюдің бірінші баспалдағы - ол
жыныстық сүю, әсем денеге деген құмарту және
соның ішінде басқа өмірді келтіру; онда да өлместікке деген құштарлык бар:
ұрықтандыру жолында жаңа өмір Дүниеге келеді - ол өлместіктің кепілі.
Екінші сатыда сүюдін басқа бітімі Дүниеге келеді: біз денеге емес, басқа адамның
жан дүниесімен тіл табысып, оны сүйеміз: онда шашылатын тұқым рухты
жандандырып, байытады,
өнерге, білімге, әділеттілікке, ізгілікке деген құштарлық