Оқулық «Білім беру және педагогика» мамандықтарының «Қарым-қатынас психологиясы»



Pdf көрінісі
бет14/297
Дата24.10.2022
өлшемі3,57 Mb.
#45110
түріОқулық
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   297
16
 
■ 
оқушылардың психологиялық сипаттамаларын және оларға 
техникалық әсер етуді меңгеру; 
■ 
ӛзгертуге, ӛзгеруге тез бейімделу; 
■ 
жеке даму, ҥздіксіз білім алу және т.б. 
Қҧзыреттілік 
мәселесі 
бойынша 
әдебиеттерді 
талдау 
нәтижелерін және біз келтірген терминдердің анықтамаларының 
мазмҧндық-талдауын қорытындылай келе, негізгі сӛздердің ең кӛп 
тараған мазмҧнын алып қарастырамыз: 
- қҧзыреттілік - бҧл білім, дағды, тәжірибе, білік, қабілет, 
қҧзыреттілікке ие болу; 
- қҧзырет - жеке сипаттамалар жиынтығы, ӛкілеттілік шеңбері, 
мінез-қҧлық аспектілері, жеке мінез қасиеттері, мінез-қҧлық 
сипаттамалары жиынтығы (тҧлға аралық қатынас дағдылары, 
кӛшбасшылық, аналитикалық дағдылар және жетістіктерге 
бағдарлану және т.б.). 
Осы тҥсініктің негізінде құзырет туралы айтатын болсақ, байқау 
объектісі - бҧл тҧлға, жеке басының сипаты (серіктестермен тиімді 
ӛзара әрекеттесуі), мінез-қҧлық (коммуникативтілігі, басқалармен 
ақпарат алмасу), мінез-қҧлық контексті (тиімді қарым-қатынас 
негізгі серіктестериен қарым-қатынасты дамытуға кӛмектеседі). 
Құзыреттілікке келер болсақ, байқау объектісі – лауазым болып 
келеді (мысалы, мҧғалім, аудармашы), лауазымдық міндеттері 
(ақпарат алу және ӛңдеу, ӛзара әрекеттесу процесін ҧйымдастыру), 
жҧмыс нәтижесі (сәйкес мәтінді және контекстті беру, бақылау - 
кері байланыс). 
КОММУНИКАТИВТІК ҚҦЗЫРЕТТІЛІК
 
Бҧл тарауда мҧғалімнің коммуникативтік қҧзыреттілігі туралы 
сӛз қозғалады, ол оған болашақта кез келген білім беру немесе 
коммуникативтік жағдайдағы ӛзара әрекеттесу ҥдерісін тиімді 
басқаруға мҥмкіндік береді. 
Психологтар, тҧлға аралық қарым-қатынас мамандары оның 
негізгі қҧрамдас бӛліктері болып енетін, қарым-қатынас жасауды 
ҥйрену бағдарламаларының мазмҧны ретінде коммуникативтік 
қҧзыреттілікті белгілейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   297




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет