255
жазылған. Сол уақытта кез келген ойды жазған адам кӛп сӛзді
білетінін кӛрсеткенімен, оқырманға тҥсіну кҥрделі болатындай етіп
баяндауға болады.
Мысалы, біз «Бҧл параграфтың негізгі міндеті таным қабілетін
трансляциялаудағы жеке тҧлғаның кәсіпқойлығын және кӛзге
тҥсетін кем дегенде он критерийді тиімді қанағаттандыратын
ҧсынылған жазбаша материалды сәйкес тҥрде жеңілдету және
ӛзгеше тәсілмен кеңейту болып табылады» мәтінін оқимыз. Кейде,
онда не айтылғанын тҥсінуге тырыса отырып, біз осы хабарламаның
мағынасын жоғалтып аламыз. Мҧнда сӛздер оны тҥсіндіргеннің
орнына, жасырады.
Іскерлік хаттың ең дҧрыс стилі – ӛзіне кӛңіл аударудың орнына,
хабарлама мағынасына назар аудартатын стиль.
Заманауи әдебиетте Роберт Ганнинг ҧсынған тҧмандылық
индексі сипатталады — ол жазылған мәтін кҥрделілігін бағалауға
мҥмкіндік беретін формула іспеттес.
Р.Ганнинг а н ы қ ж а з у д ы ң 10 к е ң е с і н береді:
1. Қысқа сӛйлемдермен жазыңыз. Сӛйлемді 20 сӛзден асырмауға
тырысыңыз.
2. Кҥрделіге емес, қарапайымға басым қараңыз; ол сӛйлемдерге
де, сӛздерге де, ойларға да қатысты.
3. Таныс сӛздерді пайдаланған дҧрыс.
4. Қажетсіз сӛздерден аулақ болыңыз.
5. Әрекетті білдіретін етістіктерді пайдаланыңыз, ырықсыз етісті
пайдаланбауға тырысыңыз.
6. Айтатыныңызға ҧқсас жазыңыз. Лепірмелі немесе тым
эмоциялыға қарағанда, сӛйлесу әдебінде жазғаныңыз жӛн.
7. Оқырман жақсы тҥсінетін терминдерді пайдаланыңыз.
Абстракт сӛздерді пайдаланбауға тырысыңыз.
8. Жазылған мәтінді оқырман тәжірибесімен қатыстыруға
тырысыңыз.
9. Оқырманның қызығушылығын сақтайтын әр тҥрлі сӛздерді,
ҧзындығы әр тҥрлі сӛйлемдерді пайдаланыңыз.
10. Оқырман алдында әсерлі болу ҥшін емес, ойыңызды білдіру
ҥшін жазыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: