Оқулық «Білім беруді дамыту федералдық институты»



Pdf көрінісі
бет3/159
Дата10.10.2022
өлшемі8,62 Mb.
#42085
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   159
Байланысты:
Иванов Электроника және микропроцессорлық техника. Оқулық (2)


Алғысөз 
Электронды аспаптар мен құрылғылар пайдаланылмайтын өнеркәсіп 
саласын табу мүмкін емес. Техникалық бұйымдардағы электронды 
тораптардың саны тұрақты түрде артып келеді. Электрониканың дамуы — 
бұл электронды базаның үздіксіз жетілуі және дамуы. Интегралдық 
технологиялардың 
пайда 
болуы 
және 
енгізілуі, 
күшейткіштер, 
генераторлар, өлшеу құрылғылары, басқару құрылғылары және т.б. тәрізді 
жекелеген функционалдық тораптарды және тіпті, тұтас аспаптарды және 
құрылғыларды алмастыратын, микросызбалардың жаппай шығарылуын 
жасақтауға мүмкіндік берді. Электроника және микропроцессорлық 
техника білікті маман болуға мүмкіндік беретін, білімнің жалпы 
базасының қажетті компоненттері болып табылады.
Оқулық теориялық және практикалық оқытудың бірегейлігі 
принципіне сәйкес, теориялық және практикалық болып екі бөлімнен 
тұрады.
I-ші теориялық бөлімде аналогтық және сандық электрониканың 
негізгі түсінігі баяндалады. Оқу материалын оқуды жеңілдету мақсатында, 
мәтін теориялық материалдың мәнін түсінуге көмектесетін мысалдармен 
қоса ұсынылады. Оқулықтағы келтірілетін электр сызбаларының 
көпшілігі, оларға кіретін компоненттердің номиналдарын көрсете отырып 
ұсынылған. Бұл сызбаны макеттік немесе компьютерлік үлгілеудің 
көмегімен жасап шығаруға мүмкіндік береді. 
1-4-тарауларда аналогтық электрониканың элементтік базасы және 
құрылысы қарастырылған. Өкінішке орай, оқу бағдарламасының шектеулі 
сағаттары саны аналогтық құрылғылардың желісін кеңінен қамтуға 
мүмкіндік бермейді. 
5-тарауда 
аналогтық 
электрониканы 
оқудың 
қорытындысы 
шығарылады. Тарауда алынған білімді, электр сызбаларынан ақауларды 
іздеу бойынша практикалық жұмыста қолдану нұсқалары қарастырылған. 
6 және 7-тараулар сандық электроникаға арналған, сонымен бірге 7-
тарауда электрониканың бұл бағытының маңыздылығына баса назар 
аударылған. 
7-тарау 
материалдарын 
баяндау 
барысында 
микроконтроллерге арналған бағдарламаларды жазу сұрақтары және AVR 
микроконтоллерін пайдаланатын, Ардуино платасы негізінде макеттік 


құрылғыларды жасаудың практикалық мысалдары қарастырылған. 
Оқулықтың практикалық ІІ тарауында, зертханалық жұмыстардың, 
сонымен қатар олардың көмегімен зертханалық жұмыстар (9-тарау) 
орындалатын, 
Multisim 
10 
(8-тарау) 
компьютерлік 
үлгілеу 
бағдарламасының сипаттамасы келтірілген. Multisim бағдарламасы 
Electronics Workbench бағдарламасының мирасқоры болып табылады.
Ресейде бұл бағдарламаның төмендегі ұсынылған нұсқасы кеңінен 
танымал — Electronics Workbench 5.12. 2005 жылдан бастап бағдарламаны 
жетілдіру бойынша жұмыстарды америкалық National Instruments 
компаниясы жүргізуде, бағдарламаның жаңа нұсқасы NI Multisim атауына 
ие болды. 
Оқулық техникалық бейіндегі орта буын мамандарын дайындауға 
арналған. 
Өздеріңіздің ескертулеріңіз бен ұсыныстарыңызды келесі ұсынылған 
e-mail-ге жіберулеріңізді сұраймыз: book. empt@mail. ru. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет