Оқулық «Білім беруді дамыту федералдық институты»



Pdf көрінісі
бет6/159
Дата10.10.2022
өлшемі8,62 Mb.
#42085
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   159
Байланысты:
Иванов Электроника және микропроцессорлық техника. Оқулық (2)

11 
 
 
 
п- және р-типті жартылай өткізгіштердің арасындағы жұқа өткізбейтін қабат
жапқыш қабат, немесе электронды-кемтікті өтпе (р-п өтпесі) атауына ие 
болды. 
Сыртқы электр өрісі жапқыш қабаттың кедергісіне ықпал етеді. Егер, 
р-п 
өтпесіне сыртқы кернеуді, қуат беру көзінің «плюс» бағыты n-типті жартылай 
өткізгішке қосылатындай, ал «минус» - р-типті өткізгішке қосылатындай етіп 
қосса, онда өтпеге кері кернеу жабылады (оны сонымен бірге кері ығысу деп 
атайды), яғни, р-п өтпесі кері бағытта іске қосылған. Электрондар мен кемтіктер 
шекарадан қарама-қарсы бағытқа қозғалады, жапқыш қабат қалыңдайды, оның 
кедергісі ұлғаяды, екі жартылай өткізгіштердің жанасуы аймағынан тоқ өтпейтін 
болады.
р-п өтпесіне тікелей кернеуді қоса ұстаған жағдайда (оны сонымен қатар 
тікелей ығысу деп атайды), яғни қуат беру көзінің «плюс» бағыты р-типті 
жартылай өткізгішке қосылады, ал «минус» - n -типті өткізгішке қосылады, 
электрондар мен кемтіктер бір-бірлеріне қарсы бағытта, қозғалады, жапқыш 
қабаттың қалыңдығы және оның кедергісі төмендейді, екі жартылай 
өткізгіштердің жанасуы аймағынан тоқ жүретін болады. Бұл жағдайда, р-п өтпесі 
арқылы өтетін тоқтың күші, қуат көзі кернеуі ұлғайған жағдайда артатын болады.
Осылайша, электронды-кемтікті өтпе бір бағыттағы өткізгіштік қасиетке ие, 
яғни тоқты тек бір бағытта өткізеді және оның басқа бағытта жүруіне кедергі 
келтіреді. 
Электронды- кемтікті өтпе екі әртүрлі типтегі жартылай өткізгіштердің 
қарапайым жанасуымен алынбайда, өйткені олардың жанасуы орнында шаңның
май қалдықтарының, ауа қабатының және т.б. болуы жоққа шығарылмайды. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет