21
КД226Д
а
б
в
1.8-сурет . Жарық диодтарыныңауыспалы кернеуге қосылу сызбасы:
а —
кері кернеуден қорғаныспен;
б — шектеуші резисторымен қарама-
қарсы-параллельді;
в — шектеуші конденсаторымен қарама-қарсы-
параллельді
Көптеген жарық диодтарында ол 10 В шегінде болады. Бірақ, жарық
диодын 220 В ауыспалы тоқ желісіне қосқанда, жарық диодына әсер ететін
кері
кернеу желінің 311 В амплитудалық кернеуіне тең болады. Жарық
диодын кері кернеуден қорғау үшін, онымен бір тізбекке, рұқсат етілетін
кері кернеуі 1.8, а
суретінде көрсетілгендей 311 В артуы қажет қосымша
диод қою қажет болады.
1.8,
б суретте көрсетілгендей, синусоидтың оң және теріс жартылай
толқындарын өткізу үшін, екі қарама-қарсы-параллельді жарық диодтарын
қоюға болады. Санамаланған
сызбалардың әрқайсысына, диод арқылы
өтетін тоқты шектеу үшін резистор қою қажет. 1.8,
а суретінде
көрсетілгендей қосылу нұсқасына арналған шектеуші резистор кедергісін
табамыз. Диод
арқылы өтетін максималды тоқ U
m
амплитудалық
кернеуімен анықталады. Жарық диоды арқылы өтетін максималды тоқ
І
ном
= 15 мА номиналды тура тоғынан аспауы қажет деп санаймыз. Жарық
диодындағы және қосымша диодтағы кернеудің төмендеуіне қарамастан,
резистордың жүктеме кедергісін табамыз:
R
=
𝑈
m−n
𝑈
ном
𝐼
ном
=
𝑈
m
𝐼
ном
=
220•√2
0,015
= 20 742 Ом;
22 кОм стандартты мәнін таңдаймыз.
Резистордың қуаттылығы 2 Вт кем болмауы қажет.
Енді, 50 қызыл жарық диодты екі саладан тұратын, 220 В гирлянданы
желіге қосу қажет дейік. Жолай, салалардың бірнеше қарама-қарсы-
параллельді
салаларының есебінен, гирляндадағы жарық диодтарының
саны бірнеше жүзге және тіпті, мыңға жетуі мүмкіндігін атап кетеміз.