Оқулық «Білім беруді дамыту федералдық институты»



Pdf көрінісі
бет227/321
Дата04.09.2023
өлшемі13,94 Mb.
#105974
түріОқулық
1   ...   223   224   225   226   227   228   229   230   ...   321
Байланысты:
7d6a2d54b54db2ebe9d242e24bcc4fb8

5.6-кесте. Көліктік то
птамалардың ұсынылатын өлшемдері
Бұйымдар
Секциядағы бұйым бірліктерінің саны
дайындау
монтаждау
әрлеу
Қыстық ерлер және 
әйелдер пальтосы
14
7
7
Маусымдық ерлер және 
әйелдер пальтосы
20
10
10
Мектеп жасындағы 
балаларға арналған 
пальто
20
10
10
Мектепке дейінгі 
жастағы балаларға 
арналған пальто
30
15
15
Жасанды теріден 
жасалған пальто
8
8
8
Ерлер және әйелдер 
плащтары
30
10... 15
10...15
Ерлер пиджактары
30
15
15
Ерлердің жүн 
шалбарлары
30
10...15
10...15
Ерлердің мақта-маталы 
шалбарлары
40
15...20
15...20
Әйелдер және балалар 
көйлектері
25...30
25...30
25...30
Ерлер ішкөйлектері
60...80
10...20*
10...20*
Балалар ішкөйлектері
60...80
30
30

Мата түріне және қысқыш құрылғының типіне байланысты.
352


Д а й ы н д а л а т ы н 
м о д е л ь д е р д і ң 
с а н ы н а 
б а й л а н ы с т ы ағындар бір модельді, көп модельді және көп 
сұрыпталымды болып бөлінеді.
Бір модельді 
ағындарды тұрақты сұрыпталым бұйымдарын, 
мысалы арнайы киім, формалық киім дайындаған кезде қолданады.
Көп модельді 
ағындарды кез келген сұрыпталым бұйымдарының 
бір түрінің көптеген модельдерін дайындаған кезде қолданады.
Көп сұрыпталымды 
ағындар бір ағында технологиялық 
өңдеудің бір типтік реттілігіне ие әртүрлі бұйымдардың бірнеше 
түрін дайындауды көздейді, мысалы әйелдер пальтосы мен 
жакеттері, ерлер пальтосы мен жартылай пальто, мектепке дейінгі 
жастағы және бастауыш сынып жасындағы балаларға арналған 
пальто.
Бір модельді ағындарда пішімді жіберу тәртібі тізбекті болып 
табылады, яғни әуелі А моделінің барлық топтамасы жіберіліп, 
сәйкесінше өңделеді, одан кейін Б топтамасы, артынан В моделі 
және т.с.с.
Көп модельді және көп сұрыпталымды ағындарда пішімді 
процеске жіберу тәртібі үш тәсілмен жүзеге асырылуы мүмкін: 
циклдік, тізбекті-сұрыпталымды және құрама.
Циклдік 
жіберу кезінде модельдер ағынға циклдер бойынша 
есептеуде берілген тәртіппен жіберіледі. Мысалы, көп модельді 
ағында бір бұйымның үш моделін (А, Б және В) жасайды. 
Ауысымда бұл әрбір модельдің бұйымдарының бірдей санын алу 
қажет. Жіберу мынадай реттілікпен жүзеге асырылуы тиіс: А, Б, В; 
А, Б, В және т.б. (цикл үшке тең). Бірақ егер В моделінің 
шығарылымы А мен Б моделдеріне қарағанда екі есе көп болу керек 
болса, онда жіберу схемасының түрі былай болады: А, Б, В, В; А, Б, 
В, В және т.б. (цикл төртке тең).
Даралап қуаттаумен циклдік жіберуді қатты ырғақты 
конвейерлік ағындарда пайдаланады. Конвейерлік ағындарда 
циклдік жіберуді будалап қуаттаумен пайдалануға болады. Мұндай 
жіберуді циклдік-будалап жіберу деп атайды.
Циклдік жіберуді еңбек сыйымдылығы әртүрлі, бірақ өңдеу 
тәсілдері бір типті, жабдықтар мен құрылғылары бірдей, дұрысы 
бірдей қасиеттер мен бір реңкке ие материалдардан жасалған 
бұйымдарды пайдаланған кезде қолданады.
Тізбекті-сұрыпталымды (тізбекті) 
тәсілінде жіберу белгілі бір 
уақыт аралығының ішінде ағын мамандандырылған ағын болып 
кететіндй етіп жүзеге асырылады [бір немесе бірнеше ауысым 
ішінде бір бұйымнан (модельден) екіншісіне қайта толықтыру 
жүзеге асады]. Мысалы, үші модельді ағында бұл тәсіл кезінде А
353


моделі – 
t
A
, Б моделі – 
t
Б 

В моделі 
t
В 
уақытының ішінде жіберіледі. 
Бұл ретте (
t

+ t
Б 
+ t
В
)n = Т
СМ
П
, мұндағы Т
см 
– ауысым ұзақтығы, 

– 
бұл модельдер дайындалатын ауысымдардың саны. 
Тізбекті-сұрыпталымды 
жіберуді 
мынадай 
жағдайларда 
қолданады: 

дайындаудың еңбек сыйымдылығында біраз ауытқуларға ие, 
өңдеу тәсілдері бір типті және жабдықталуы да бір типті 
бұйымдардың тұрақты сұрыпталымы кезінде (мұндай жіберуді 
жеке өзін монтаждау секциясында қолдануға болады). 
Модельдерді ауыстыру кезінде процесті қайта құруды 
жүргізбейді, бір-екі жұмыс орнын ғана қайта жабдықтайды; 

еңбек сыйымдылығы мен технологиялық өңдеу (мысалы, 
әйелдер көйлегі) реттілігінде үлкен айырмашылықтары бар 
бұйымдарды біртекті жабдықта шағын топтамалармен жасау 
кезінде; 

әртүрлі қасиеттері бар материалдардан бұйым жасау кезінде. Бұл 
жағдайда модельдері ауыстыру кезінде жабдықты реттейді. 
Құрама 
немесе 
тізбекті-циклдік 
жіберу кезінде жасалатын 
модельдер ағынға кезек-кезекпен түсетін топтарға бөлінеді. Бұл 
ретте әрбір топтың ішінде модельдер циклдік негізде жіберіледі. 
Мысалы, төрт модельді (А, Б, В, Г) А, Б және В, Г топтарына 
бөледі. Әуелі А мен Б моделінің барлық бұйымдарын дайындайды, 
олар А, Б, А, Б және т.б. схема бойынша, одан кейін В, Г моделінің 
барлық бұйымдары В, Г, В, Г схемасы бойынша жіберіледі. 
Құрама жіберуді еңбек сыйымдылығы мен өңдеу күрделілігі 
әртүрлі модельдердің көп санын бір қатар дайындаған кезде 
қолданады. 
Егер кәсіпорын бірнеше ауысым жұмыс істесе, онда ағындар 
алмалы және алынбайтын болуы мүмкін. 
Алмалы 
ағындарда әрбір ауысым өз бұйымдарын ғана жасайды. 
Ауысым аяқталғаннан кейін әртүрлі өңдеу кезеңдеріндегі 
бұйымдарды ағыннан алады да, сол ауысымның жұмысы 
басталғанға дейін белгілі бір орында сақтайды. 
Алынбайтын 
ағындарда келесі ауысымның жұмысшылары 
алдыңғы 
ауысымның 
жартылай 
фабрикаттарын 
өңдеуді 
жалғастырады. 
Алмалы ағындардың бірқатар кемшіліктері бар: 

даярлау-қорытындылау жұмысына уақыт кетеді (2...3%) (яғни, 
жартылай фабрикаттарды ауысымнан кейін сақтау орындарына 
ауыстыруға және ауысым басында жұмыс орнында жайып 
қоюға); 
354


5.7-кесте. Ағындардың ұйымдастыру нысандарын сипаттайтын белгілерді үйлестіру нұсқалары
Еңбек заттарының 
қозғалу тәсілі
Жабдықтарды 
орналастыру 
немесе 
жұмысшыларды 
жайғастыру 
тәсілі
Жартылай 
фабрикаттарды 
беру үшін 
қолданылатын 
құралдар
Жартылай 
фабрикаттарды 
ағында өңдеу 
ырғағы
Технологиялық 
процестің 
үзіліссіздік 
дәрежесі
Пішімді 
жіберу түрі
Пішімді жіберу 
тәртібі
Параллель
Топтық
Конвейерлік
Регламенттелген
Секцииялық
Будалап
Тізбекті-циклдік
Конвейерлік емес
Еркін
»
»
Сол сияқты
Тізбекті
Түзу сызықты
Конвейерлік
Регламенттелген
Секциялық емес
Даралап
Тізбекті- 
сұрыпталымды
Конвейерлік емес
Еркін
Секциялық емес 
немесе секциялық
Будалап
Сол сияқты
Шеңбер
Конвейерлік
»
Секциялық емес
»
»
Құрама (параллель- 
тізбекті)
Әртүрлі факторлардың үйлесімі
Құрама



аяқталмаған өндірістің көлемі екі еседей өседі; 

жартылай фабрикаттарды сақтау үшін қосымша аумақ талап 
етіледі; 

жартылай фабрикаттар сақтау мыжылып, ластанатындықтан, 
өнімнің сапасы нашарлайды; 

өрт қаупі арта түседі, цехтағы санитариялық жағдайлар мен 
оның эстетикалық көрсеткіштері нашарлайды. 
Дегенмен де, алмалы ағындар модельдердің көп санын бір 
уақытта дайындау мүмкіндігінен тұратын басымдыққа да ие; 
көбінесе алмалы ағындар әйелдер көйлектерін дайындау кезінде 
қолданылады. 
Тігін өнеркәсібінде негізінен өндірісті ұйымдастырудың ең 
үдемелі нысанын – алынбайтын ағындарды қолданады. 
Технологиялық ағындарды ұйымдастыру нысанын таңдауды 
әдетте мынадай реттілікпен жүзеге асырады: 

сұрыпталымды, модельді не модельдері анықтайды, модельдерді 
конструктивтік-технологиялық белгілерінің ортақтығы бойынша 
топтастырады; 

әрбір модельдің бұйымдарын шығару реттілігін, олардың санын 
және күнтізбелік күндерін анықтайды; 

ағын қуаттылығын таңдайды; 

бұйымдарды өңдеу әдістері мен жабдықты таңдайды, жекелеге 
операцияны және барлқ бұйымды жасауға кететін уақыт 
шығынын белгілейді; 

пішімді беру және жартылай фабрикаттар мен дайын өнімді бір 
орындаушыдан екінші орындаушыға ауыстыру тәртібі мен 
тәсілін анықтайды; 

көлік құралдарын таңдайды; 

еңбек бөлінісінің дәрежесін белгілейді; 

ағында ауысымдардың болуын анықтайды. 
5.7-кестеде ұйымдастыру нысанын таңдау кезінде ағынды 
сипаттайтын белгілерді үйлестіру нұсқалары келтірілген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   223   224   225   226   227   228   229   230   ...   321




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет