Құрметті оқырман!
Осы оқулық «Тігін бұйымдарын конструкциялау, модельдеу
және олардың технологиясы» орта кәсіптік білім беру мамандығы
бойынша оқу-әдістемелік кешеннің бөлігі болып табылады.
Оқулық КМ.03 «Тігін өндірісінде технологиялық процестерді
дайындау және ұйымдастыру» кәсіптік модулін зерделеуге
арналған.
Жаңа буындағы оқу-әдістемелік жинақтар жалпы білім беретін
және жалпы кәсіптік пәндер мен кәсіптік модульдердің зерделенуін
қамтамасыз ететін дәстүрлі және инновациялық оқу материалдарын
қамтиды. Әрбір жинақ жұмыс берушінің талаптары ескерілген
жалпы және кәсіптік
біліктілікті меңгеру
үшін қажетті
оқулықтардан не оқу құралдарынан, оқыту мен бақылау
құралдарынан тұрады.
Оқу
басылымдары
электрондық
білім
ресурстарымен
толықтырылады. Электрондық ресурстар интербелсенді жаттығулар
мен тренажерлері бар теориялық және практикалық модульдерді,
мультимедиялық объектілерді, Интернеттегі қосымша материалдар
мен
ресурстарға
берілген
сілтемелерді
қамтиды.
Оларға
терминологиялық сөздік және оқу процесінің негізгі параметрлері:
жұмыс уақыты, бақылау және практикалық тапсырмаларды
орындау нәтижесі тіркелетін электрондық журнал енгізілген.
Электрондық ресурстар оқу процесіне жеңіл кірігеді және әртүрлі
оқу бағдарламаларына бейімделе алады.
Достарыңызбен бөлісу: