5.19
-сурет. Операцияларды келісу (үйлестіру) графигі
Ұйымдастыру операцияларының уақыт шығындарының ағын
тактісіне сәйкестігі туралы көрнекі түсінік қалыптастыру үшін
оларды келісу графигін құрастырады. Бұл графикті жүктеу графигі
немесе үйлестіру графигі деп атайды (5.19-сурет).
Ордината осьінде такт және тактіден жол берілетін ауытқу
мәндерін қалдырады да, горизонталь жүргізеді. Абсцисс осьінде
әртүрлі кесінділерді қалдырып, нүктелер қояды. Әр нүктенің
жанына ұйымдастыру операциясының нөмірін жазады. Бұл
нүктелерден перпендикулярлар жүргізеді, оларға ұйымдастыру
операцияларын орындауға кететін уақыт шығынын қалдырады;
операциялар координаттарын алады. Егер операция еселі болса,
онда перпендикулярларда бір орындаушыға келетін уақытты
қалдырады.
Келісу графигінің орнына ағын операциясын келісу (үйлестіру)
диаграммасын
құрастырады
(5.20-сурет).
График
сияқты,
диаграмманы
да
координаттардың
тікбұрышты
жүйесінде
құрастырады.
Диаграммада
ұйымдастыру
операцияларының
әрқайсысыны жұмыс құрамы көрсетілген (қол, машина, баспақ және
т.б.).
Егер диаграмма (немесе график) бойынша кейбір операцияларда
берілген келісу шарттарынан жол берілмейтін ауытқулар болса
(мысалы, келісу графигі бойынша – ұйымдастыру операциясы
11
,
диаграмма бойынша –
2
және
12
), онда қосымша үйлестіруді
жүргізу қажет.
Келісу графигінен басқа монтаждау графигін құрастырады.
Монтаждау
графигі ағын құрылымының бұйым өңдеудің
технологиялық реттілігіне сәйкестігін тексеруге көмектеседі және
жартылай фабрикаттардың қозғалу тәртібінің дұрыстығына көз
жеткізуге мүмкіндік береді.
5.21-суретте әйелдерге арналған жібек көйлектерді жасау жөнін-
Достарыңызбен бөлісу: