өңдеу процесінде матаның суретін бұрмалап, оның тігімін
көлденеңінен созып жіберуі мүмкін.
Қиғаш инешаншымдардың і л м е к т е у л і т і г і м д е р і (1.26-
сурет) киімді үй жағдайында дайындау кезінде және сирек жағдайда
жеке тапсырыс бойынша астарсыз бұйым дайындау кезінде бөлшек
қиықтарының сырғып кетуіне жол бермеу үшін қолданылады.
Мұндай тігімдерді орындау үшін инені матаның астынан кіргізіп,
үстінен
шығарады. Тігімді
оңнан
солға
қарай
салады.
Инешаншымдарды кермейді. Инешаншым жиілігі 1 см-де 3...4,
инешаншым ұзындығы 0,5... 0,7 см. Тесік орнынан бөлшек қиығына
дейінгі арақашықтық 0,3...0,5 см. Жиектеуді мақта-маталы жылтыр
емес № 50... 80 немесе жібек № 65, 75 жіптермен орындайды.
Бұрыштар мен қиықтарды кертпелер бойымен ілмектеу кезінде
инені бөлшектің беткі жағына шығарған кезде оның ұшын жіппен
айналдырып өтеді, содан кейін барып қана инешаншымды
байлайды. Инешаншымдарды қиықтан және бір-бірінен бірдей
арақашықтықта орналастырады. Инешаншым жиілігі 1 см-де 6... 10
см.
1.25
-сурет. Айналдыра көктейтін
1.26-сурет. Ілмектеулі тігім:
тігім:
а
– сыртқы түрі;
б
– қолданылу
а
– сыртқы түрі;
б
– қолданылу
мысалы
мысалы
Достарыңызбен бөлісу: