Оқулық «Білім беруді дамыту федералдық институты»



Pdf көрінісі
бет155/321
Дата04.09.2023
өлшемі13,94 Mb.
#105974
түріОқулық
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   321
Байланысты:
7d6a2d54b54db2ebe9d242e24bcc4fb8

240


2.9.
2.9.
біріктірген кезде көкірекше қиығын бүгеді де, бағыттауышты 
табандықпен жабдықталған машинада белдемшеге бастырып тігеді. 
Көкірекшенің астыңғы шеті немесе белдемшенің үстіңгі шеті 
сырып тігер алдында, жапсырмалы қалтаның шеті сияқты, шеттік 
ызбамен немесе көлбеу көмкермемен, жиектемемен, желбіршекпен, 
шілтермен әрленуі мүмкін (2.3.1-бөлімшені және 2.12, 
г – е 
суретін 
қараңыз). Үстіңгі шетін әрлегеннен кейін көкірекшені жапсырма тігіс 
арқылы белдемшемен біріктіреді. 
БҰЙЫМ ЕТЕГІН ӨҢДЕУ 
 
Бұйым етегін бүйір қиықтарды біріктіріп, әрлегеннен кейін өңдейді. 
Модель мен пайдаланылатын материалдардың қасиеттеріне 
байланысты бұйым етегін кез келген тігіспен немесе белбеумен 
өңдейді. Астыңғы шеті бойынша орналастырылған тіліктерді 
(шлицаларды) бұйым етегін әрлегенге дейін немесе әрлеп жатқан кезде 
өңдейді. 
Өңдеуді етек сызықтарын теңестіруден бастайды. Ол үшін ішкі 
жағына аударылған бұйымды алдыңғы жақ мен артқы бойдың 
ортасынан бүгеді, үстелге жайып қояды және бүйір мен бедерлі 
тігістерін, бұйымның оң және сол жақтарындағы бүкпелерді 
сәйкестендіреді. Ұзындығын дәлдеп алған соң, етек пен етекті көмекші 
лекало бойынша бүгу сызықтарын белгілейді. Етек сызығының 
бойымен материалдық артық жерлерін қиып тастайды. Қалың 
материалдардан жасалған бұйымдарда бүйір және бедерлі тігістердің 
қосымшаларының артық жерлерін етектің бүгіліс қосымшасының 
тұсында кертеді (2.32-сурет, 
а
). 
Модельге байланысты бөлшектің астында жасалған тіліктерді, 
түймеліктің бітеу тілігі сияқты, пішілген әдіппен, шеттіктеу тігісімен 
екі жабық қиықты ызба не көлбеу көмкерме арқылы, қондырма не 
бастырма планкалармен өңдейді (2.4.2-бөлімшені және 2.16-суретті 
қараңыз). Мұндай тіліктерге сыналарды қондырып тігеді (2.32-сурет, 
б
). Ол үшін тілік сызығын, қолтық қиындысымен тұтас пішілген жең 
тілігі сияқты, әуелі әдіппен жөрмейді (2.32-сурет, 
в, 1
-тігім) (2.7.3- 
бөлімшені және 2.30-суретті қараңыз). Одан кейін тіліктің әдіптелген 
шеттеріне сынаны қондырып тігеді (2.32-сурет, 
в

2
-тігім). Бұдан соң 
сына мен әдіп қиықтарын жиектеп торлайды (
3
-тігім). 
Бүйір, ортаңғы немесе бедерлі тігіспен сәйкес келетін тілікті өңдеу 
түрі тіліктің ұзындығына байланысты болады. Егер тіліктің ұзындығы 
етек бүгілісі қосымшасының енінен үлкен болса, онда негізгі 
бөлшектерді біріктіретін тігістің айыра үтіктелген қосымшаларының 
бүгілістері тіліктің жақтары болады (2.32-сурет, 
г

1
-тігім). Бұл 
қосымшалардың қиықтары жиектеп торланған не бүгіп тігілген (
2



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   321




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет