3-тарау
3.1.
АСТАРЛЫ БҰЙЫМ БӨЛШЕКТЕРІ МЕН
ТҮЙІНДЕРІН ӨҢДЕУ
АСТАРЛЫ БҰЙЫМДАРДЫ ӨҢДЕУ МІНДЕТІ ЖӘНЕ
ОНЫҢ РЕТТІЛІГІ
Пальто, плащ, куртка, пиджак, жакет және жилет сияқты киім
түрлерінің, әдеттегідей, астары бар. Бұл бұйымдарда, сонымен
қатар, пішіні мен өлшемдері бойынша әртүрлі, әртүрлі
материалдардан жасалатын және бұйымның беткі жағына
бекітілетін іштіктер қолданылады. Іштіктер бөлшектер мен
бұйымның пішінін жасау және бекіту үшін, бірқатар жағдайларда
киімнің жылу сақтағыш қасиеттерін жақсарту үшін қызмет етеді.
Астар бұйымның ішкі жағын жаба отырып, бұйымның осы
жағында орналасқан барлық бөлшектерді де жауып тұрады.
Шалбарлар, белдемшелер мен көйлектер астармен жасалуы
мүмкін. Бұл бұйымдарда астар киімді созылып кетуден, мыжылудан
сақтайды, сондай-ақ негізгі материалдың артық ашықтығын
азайтуға мүмкіндік береді.
Астарлы бұйымдарды дайындау кезінде қасиеттері бойынша
әртүрлі материалдардың бірнеше түрін пайдаланады: негізгі,
астарлы, іштік, жылулық. Бұл ретте пішім бөлшектерінің саны
көбейеді. Бұйымның беткі жағында орналаспайтын кейбір
бөлшектерді (мысалы, астыңғы жаға, қалта астары, қалпақша
астары және т.б.) көбінесе негізгі емес материалдан пішеді. Бірқатар
бөлшектерді қатырмалайды, ылғалды жылумен өңдеу үшін арнайы
жабдықта қалыптаудан өткізеді. Астарлы бұйым бөлшектерінің
қиықтарын, әдеттегідей, жиектеп торламайды. Бұл қатарға тез
сетінегіш матадан жасалған, сондай-ақ етегі бойынша ашық
астарлы бұйымдар жатпайды. Астар мен жылулық іштік
бөлшектерін қосымша өңдеу, оларды кейіннен бұйыммен біріктіру
киім жасауға жұмсалатын уақыт шығындарын ұлғайтады, бұйым
дайындауды қиындатып, қымбаттатады.
Жалпы астарлы бұйымды өңдеу мынадай реттілікпен жүзеге
асырылады:
Достарыңызбен бөлісу: