ЖЕҢДЕРДІ ӨҢДЕУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ
БҰЙЫММЕН БІРІКТІРУ
3.8.1.
Қондырма жеңдерді өңдеу
Астарлы бұйымдарда жеңдерді өңдеу жең бөліктерін
қатырмалаудан, бүкпелерді, тілікшелерді сырып тігуден, жең
бөлшектерін қалыптаудан, жең бөліктерін біріктіруден, астыңғы
қиық пен жеңтүп қиығын өңдеуден тұрады. Операцияларды
орындау реттілігі мен олардың маңызы жең пішімі мен
моделіне,
сондай-ақ
пайдаланылатын
материалдардың
қасиеттеріне байланысты болады.
Қондырма жеңдерді өңдеуді жең бөліктерін қатырмалаудан
бастайды (3.1-сурет,
е
,
ж
,
к
,
л
), ол 3.2-бөлімшеде сипатталған.
Пиджактың жеңін мынадай бөліктерде желімдік іштіктермен
қатайтады: жең аузының бүгілу қосымшасы, екітігісті жеңнің
үстіңгі бөлігіндегі шлица қосымшасы, шынтақ аударылымы
тұсындағы жеңтүп бөлігі. Басқа түрдегі бұйым жеңдерінде
аталған бөліктердің барлығы бірдей желімдік іштіктермен
қатайтылмауы мүмкін.
Бүкпелерді, тілікшелерді, әрлегіш тігімдерді жеңдерде, басқа
негізгі бөлшектер сияқты, орындайды.
Екітігісті жеңнің үстіңгі бөлігін алдыңғы қиықты шынтақ
деңгейінде созу арқылы қалыптайды. Оң жең мен сол жең
қалыптаудан қатар өтеді және оны ирек жастықшалары бар
баспақта немесе үтікпен жүзеге асырады. Екітігісті жеңдердегі
сияқты біртігісті жеңдерде алдыңғы қиықты қалыптайды. Егер
конструкциямен
қарастырылса, екітігісті
жеңнің үстіңгі
бөлігінің шынтақ қиығын және біртігісті жеңнің артқы қиығын
шынтақ деңгейінде шынтақ аударылымының сызығына дейін
жия үтіктейді.
Қалыптаудан кейін екітігісті жеңнің үстіңгі және астыңғы
бөлігін біріктіреді. Жеке тіккен кезде жеңнің бөліктерін алдын
ала көктеп алады. Өңдеу технологиясының ерекшеліктеріне
және қолданыстағы жабдыққа байланысты жең бөліктерінің
алдыңғы не шынтақ қиықтарын қайым тігіспен айыра үтіктеп
біріктіреді. Егер модель бойынша талап етілсе, шынтақ
қиықтары бастырма тігіспен біріктірілуі мүмкін. Сырып тігу
291
тігімін жеңтүп қиықтарынан бастап салады. Алдыңғы
қиықтарды жеңнің үстіңгі бөлігі жақтан, шынтақ қиықтарды
астыңғы бөлігі жақтан сырып тігеді. Қажет болған жағдайда
қиықтардың арасында белдікшелер, паталар салады. Жеңтүптің
желімдік іштігі шынтақ тігісін сырып тігіп, айыра үтіктегеннен
кейін шынтақ аударылымы бөлігінде қойылуы мүмкін.
Жеңнің астыңғы қиығын өңдеуді модельге байланысты
тұйық не тұйықталмаған жеңде жүргізеді. Жең аузые шеттік
тігіспен немесе манжетамен өңдейді. Жең астарын жеңге жең
пішімі мен моделіне қарай жеңді бұйыммен біріктіргенге дейін
не одан кейін қосып тігеді.
Қондырма жеңнің аузын бүктеме тігіспен өңдеген кезде
көбінесе жеңді астармен қолтық ойындысына қондырып
тіккенге дейін біріктіреді. Бұл жағдайда жең аузын өңдер
алдында жең астарын дайындап алу қажет. Жең астарында
алдыңғы не шынтақ қиықтарын, жеңдегі сияқты, сырып тігеді.
Тігімді астыңғы қиықтардан бастап салады. Алдыңғы
қиықтарды жеңнің үстіңгі бөлігінің астары бойынша, шынтақ
қиықтарын астыңғы бөлігінің астары бойынша сырып тігеді.
Пиджак, ерлер пальтосы сияқты бұйымдарда жең астарының
алдыңғы қиықтарын біріктірген кезде шынтақ деңгейіндегі
ұзындығы 200...250 мм бөлікті сырып тігілмеген күйде
қалдырады. Бұл тесіктер арқылы артынан қолтық ойындысы
бойынша жең астарын бұйым астарымен біріктіреді. Жең
астарының бөліктерін сырып тігу тігістерінің қосымшаларын
үстіңгі бөлік жаққа жатқыза үтіктейді.
Жеңнің астыңғы қиығын астармен жең аузының бүгілу
қосымшасына ені 10 мм тігіспен қосып тіге отырып өңдейді. Бұл
ретте қосып тігу тігімінің астына жең жақтан желімдік өрмек не
желімдік тор салуға болады. Бұл желімдік материалдар кейінгі
ЫЖӨ кезінде жең аузының бүгілу қосымшасын бекіте отырып,
қайырма тігімді алмастырады. Жең аузының бүгілген жерін
жатқыза үтіктейді.
Одан кейін жеңтүп қиықтарынан бастап, жең мен жең
астарының шынтақ немесе алдыңғы қиықтарын бір мезетте
сырып тігеді. Сырып тігу тігісінің қосымшаларын жеңдерде
айыра үтіктейді, астарда жатқыза үтіктейді. Егер жең аузының
бүгілу қосымшасы бойынша желімдік тор не желімдік өрмек
салынбаса, онда жең аузының бүгілу қосымшасын алдыңғы
және шынтақ тігістерінің қосымшаларында машина не қол
тігімімен бекітеді. Одан соң астардың шынтақ тігістерінің
қосымшаларын жеңнің шынтақ тігістерінің қосымшаларына жең
аузынан 50...100 мм қаш ықтықта ұзындығы 60...10 мм бөлікте
292
.
3.12
-сурет. Жеңнің бүкпелі шлицасын өңдеу
қосып тігеді. Машина тігімін қол тігімімен алмастыруға болады.
Жеңді беткі жағына айналдырады, жең аузын баса үтіктейді.
Жең астында көбінесе шынтақ тігісінде орналасатын шлица
жасайды. Конструкциясына байланысты шлицалар бүкпелі, бір шеті
бекітілген және ашық болады.
Достарыңызбен бөлісу: |