Қондырып
тігер
алдында
жағаны
бұйымның
мойын
ойындысына көктеп тігеді. Әуелі үстіңгі жағаны раскеп
сызықтарының бойымен өңірастыларға қосып көктейді, одан кейін
астыңғы жағаны бұйымның мойын ойындысына екі рет көктеп
тігеді, әр жол жағаның ортасынан бастап оның ұштарына дейін
орындайды және бақылау белгілерін сәйкестендіреді. Бұл ретте
астыңғы жағаны иық тігістерінің үстінде ұзындығы 20...30 мм
бөліктерде алдыңғы бой мен артқы бойдың мойын ойындысын
қондырады, ал алдыңғы бойдың мойын ойындысын лацканның
бүгілу сызығына дейін ұзындығы 30...40 мм бөлікте қондырады.
Қондыру дәрежесі бұйымның конструкциясы мен пайдаланылатын
материалдардың қасиеттеріне байланысты. Өнеркәсіптік өндіріс
жағдайында жағаны көктеу операциясын орындамауға болады.
Қайым тігісті пайдаланған кезде раскептерді біріктіруді (3.11-
сурет,
а
,
5
-тігім) және астыңғы жағаны қондырып тігуді (
5а
тігімі)
сол жақ бүйірден бастап оң жақ бүйірде аяқтай отырып, бір
тігіммен орындайды. Тігімді жаға жақтан салады. Тігіс ені 7...10 мм.
Раскептерді сырып тігу тігістері мен астыңғы жағаны қондырып
тігу тігісінің қосымшаларын айыра үтіктейді. Қондырып тігу
тігісінің қосымшаларын жаға ұштарында кертеді. Қондырып тігу
тігісінің тігіміне дейін 1...2 мм қалдыра отырып, қондырып тігу
тігісінің қосымшасынан астыңғы және үстіңгі жаға іштігінің артық
жерлерін қиып тастайды. Раскеп тігістерінің айыра үтіктелген
қосымшаларын астыңғы жағаны қондырып тігу тігісінің айыра
үтіктелген қосымшаларымен сырып тігу машинасында (
6
-тігім), қол
инешаншымдарымен немесе желімдік өрмекті пайдалану арқылы
біріктіреді. Одан кейін үстіңгі жағаны тіктеменің бүгілу сызығы
бойынша астыңғы жағаға көктеп тігеді, қосымшаны үстіңгі жаға
тіктемесінің бүгілген жеріне бекітеді. Көктеуді қолмен не арнайы
машинада жүзеге асырады және бұйымды соңғы әрлегенге дейін
қалдырады.
Астыңғы жағаны мойын ойындысына қондырып тігу үшін
жапсырма тігісті пайдаланған кезде әуелі раскеп сызықтары
бойынша үстіңгі жағаны өңірастыларға қосып тігеді және,
тігімдерді тоқтатпастан, астыңғы жағаны раскеп сызықтары
бойынша бұйымның мойын ойындысына қондырып тігеді (3.11-
сурет,
б
,
5
-тігім). Бұйымның мойын ойындысын астыңғы жағаны
қондырып тігу тігімінің ұштарында кертеді. Тігіс қосымшаларын
айыра үтіктейді. Одан кейін астыңғы жағаны бор сызығы бойынша
мойын ойындысының қиығын 7...10 мм-ге жабыңқырап, бұйым
мойын ойындысының шетіне жапсырады. Артқы бойдың ішкі
жағынан астарлы мата кесіндісін салып, астыңғы жағаны көктейді.
Бұл кесінді оған соңынан астарды үстіңгі жағаға қосып тігу тігісінің
Достарыңызбен бөлісу: