сәйкестендіреді. Қондырып тігу тігімінің астына қолтық
ойындысының үстіңгі бөлігінде алдыңғы бой мен артқы бой жақтан
астарлы мата кесіндісін салады. Қондырып тігілген жең
қондырмасын арнайы жастықшалары бар баспақта жия үтіктейді.
Одан кейін жеңді қондырып тігу тігісінің қосымшаларына жеңтүп
қондырмасы бұрын қосып тігілмеген жағдайда қосып тігеді.
Жеңтүп қондырмасын жең жақтан бақылау кертпелері бойынша
орналастырады және тігімді қондырып тігу тігімінен 1...2 мм
арақашықтықта сала отырып, қосып тігеді.
Жеңді қондырып тігу тігісінің қосымшаларына үстіңгі иық
қондырмасын қосып тігеді, оның ортасын иық тігісінің сызығымен
сәйкестендіреді. Қондырманың сыртқы шетінің жеңді қондырып
тігу тігісінің қиықтарына қатысты орны модельмен анықталады.
Қосып тігу тігімін бұйым жақтан белгі салғыш машинада немесе
қолмен жеңді қондырып тігу тігімінен 1...2 мм арақашықтықта
салады. Қондырманың ішкі шетін иық тігістерінің қосымшаларына
бекітеді.
Достарыңызбен бөлісу: