Оқулық «Білім беруді дамыту федералдық институты»



Pdf көрінісі
бет198/321
Дата04.09.2023
өлшемі13,94 Mb.
#105974
түріОқулық
1   ...   194   195   196   197   198   199   200   201   ...   321
Байланысты:
7d6a2d54b54db2ebe9d242e24bcc4fb8

312
 

тарау


Бұйым бөлшектерін біріктіру үшін сейсеп топтың тігістерін 
пайдаланады: қосарлы, бүктемелі және сирек жағдайда тұйық тігіс. 
Бөлшек шеттерін өңдеу үшін бүгілу еніне тең қосымшалы жабық 
қиықты бүктеме тігісті пайдаланады. Бөлшектің бүктелген қиығы 
бұл жағдайда дайын күйдегі бұйым етегінің сызығымен сәйкес 
келеді. Дайын күйде ені 2...3 мм қосарлы бүктеме тігісті 
айтарлықтай жиі қолданады. Оны былай орындайды: қиықты ішкі 
жағына 5...10 мм-ге бүгеді және тігімді қиықтан 1...2 мм 
арақашықтықта сала отырып, бүгіп тігеді. Бүгілу қосымшасының 
тігім жанындағы артық жерлерін қиып тастайды. Бүгіп тігілген 
шетті ішкі жағына тағы да 2...3 мм-ге бүгеді және екінші тігіммен 
бастырып тігеді, бұл ретте бұл тігімді бірінші тігімге барынша 
жақын етіп салады. Бөлшек шеттерін өңдеу үшін ені 5 мм-ден 
аспайтын шеттіктеу тігісін пайдаланады. Егер материал болар- 
болмас сетінесе, бөлшек қиықтарын жиектеп торлауға болады. 
Бөлшек қиықтарын жіңішке ирек тігіммен өңдейді, оны бүктелген 
қиықтың шеті бойынша салады, артынан артық жерлерін қиып 
тастайды. Қиықтарды өңдеу үшін тізбекті инешаншымдық үштігісті 
шеттік тігімді де пайдаланады. 
Жұқа мөлдір маталардан жасалған бұйымдарды тігу үшін те 
жіңішке жіптерді (№ 80, ..., 100), жіңішке инелерді (№ 65, ..., 70) 
пайдалану қажет, ал инешаншым жиілігі айтарлықтай жоғары 
болуы тиіс – 1 см тігімде 8...10 инешаншым. 
Егер модельмен қарастырылса, өңірастыларды, жағаларды, 
манжеталарды, мойын мен қолтық ойындысының әдіптерін 
қатырмалауды орындайды. Беткі тығыздығы 20 г/м

аспайтын, түсі 
негізгі материалдың түсіне сәйкес келетін жартылай мөлдір 
желімдік материалдарды пайдаланады. Бұл ретте қатырмаланған 
бөлшектің беткі жағында желімдік іштіктен желім кірмеуі тиіс, ал 
бөлшек өз түсін сақтап қалуы тиіс. Желімдік іштіктердің орнына 
түсі сәйкес қатты мөлдір маталарды, мысалы органзаны 
пайдаланады. 
Желімдік 
және желімсіз 
іштіктерді 
негізгі 
материалдан жасалған бөлшектермен, іштік қиықтары сырып тігу 
тігістерінің тігімдерімен не әрлегіш тігімдермен бекітілетіндей етіп 
біріктіреді. 
Бүкпелерді конструктивтік бедерлермен алмастырған дұрыс. 
Жобаланған бүкпені қайым тігісті жатқыза үтіктеп пайдалану 
арқылы қиылмайтын етіп орындайды. Егер бүкпе ашпасы үлкен 
болып, дайын күйдегі бүкпенің ені 15 мм-ден асса, онда сырып 
тіккеннен кейін (4.1-суре, 
а

1
-тігім) оны 10 мм қосымша қалдыра 
отырып қияды. Қосымшаларды ішке қарай бүгіп, ені 1...1,5 мм 
тігіспен бүгіп тігеді (2-тігім). Дайын күйдегі бүкпенің ені 4...5 мм- 
ден аспауы тиіс. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   194   195   196   197   198   199   200   201   ...   321




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет