Оқулық «Білім беруді дамыту федералдық институты»



Pdf көрінісі
бет217/321
Дата04.09.2023
өлшемі13,94 Mb.
#105974
түріОқулық
1   ...   213   214   215   216   217   218   219   220   ...   321
Байланысты:
7d6a2d54b54db2ebe9d242e24bcc4fb8

Ағынсыз нысанды 
жеке киім өндірісінде, мысалы ательеде 
қолданады. Бұл ретте әр бұйымды не 3...11 адамнан тұратын 
бригада, не бір адам дайындайды. 
Бұл нысан өндірістің шағын көлемімен, еңбек заттарының 
тұрақсыздығымен, орындаушылар мен қолданылатын еңбек 
құралдарының әмбебаптығымен сипатталады. 
Ағынды 
нысанды 
өндірістік 
киім 
өндірісінде 
тігін 
кәсіпорындары мен ательеде қолданады (бұйымдарды шағын 
топтамалармен дайындаған кезде). Технологиялық процесс 
операцияларын орындау реттілігінде технологиялық жарақтың 
орналасуымен және бұйым шығарудың белгілі бір интервалымен 
(шығару тактісімен) сипатталатын өндіріс ағынды өндіріс деп 
аталады. 
Ағынды өндірісті ұйымдастыру үшін өнім мен шикізаттың ірі 
көлемі, ұзақ уақыт бойы біректілігі, бұйым дайындау процесінің 
үздіксіздігі мен ырғақтылығын қамтамасыз ету үшін өндірісті 
мұқият дайындау қажет. 
Ағынды өндірістің ұйымдастырушылық нысаны ағын болып 
табылады. 
Ағын 
— жұмыс орындарындағы барлық операциялар алдын ала 
айқындалған белгілі бір технологиялық реттілікте орындалатын, бір 
336
5.2.


мезгілде тең өткізгіш қабілетті қамтамасыз ету үшін жұмысшылар 
мен жабдықтардың тиісті саны бар өндірістік процесті 
ұйымдастыру нысаны. 
Ағынға мынадай негізгі принциптер тән: тура ағындылық, 
үйлесімділік, 
параллелдік, 
үздіксіздік, 
ырғақтылық, 
операциялардың орындаудың синхрондылығы. 
Тура ағындылық 
— өндірістік процестің барлық операцяилары 
бойынша 
жартылай 
фабрикаттың 
қарсы 
не 
қайталама 
қозғалыстарсыз өтуінің ең қысқа жолы. 
Үйлесімділік 
— өндірістік процесс операцияларының бір уақыт 
кезеңіне теңдігі не еселігі. 
Параллелдік 
— өндірістік процестің ұзақтығын қысқартуды 
қамтамасыз ететін, өңделетін бұйымның жекелеген бөлшектері 
немесе түйіндері бойынша әртүрлі операцияларды бір мезетте 
орындау. 
Үздіксіздік 
— өндірістік процесте қандай да бір үзілістердің 
болмауы. 
Ырғақтылық 
— барлық операцияларды белгілі бір уақыт 
аралығы өткеннен кейін олардың ұзақтығын теңестіру жағдайында 
жүйелі қайталау. 
Синхрондылық 
— әрбір операцияның ұзақтығын бір уақыт 
кезеңіне 
жақындататын 
әртүрлі 
технологиялық 
және 
ұйымдастырушылық іс-шараларды өткізу. 
Бұл принциптердің үйлесімі тігін өндірісінің ағындарын 
қалыптастыру негізінде жатыр. 
Ағындарды жобалаудың бірыңғай ережелері бар. Бәрінен бұрын 
ағын 
параметрлерін 
есептейді. 
Ағын 
параметрлеріне 
(көрсеткіштеріне): 
ағын 
тактісі; 
уақыт 
бірлігінде 
өнім 
шығарылымымен 
немесе 
ағында 
жұмыспен 
қамтылған 
жұмысшылардың 
санымен 
көрсетілген 
қуаттылық; 
жұмыс 
орындарының саны; ағынның алып жатқан ауданы; монтаждау 
желілерінің саны жатады. 
А ғ ы н к ө р с е т к і ш т е р і н і ң әрқайсысын қарастырайық. 
Көрсеткіштердің ең маңыздысы ағын жұмысының
тактісі 
болып табылады. Такт деп өнім бірлігін жіберу не шығару 
арасындағы бірінен кейін бірі жүретін белгілі бір уақыт аралығы 
түсініледі. Бір орындаушы өзінің ағындағы ұйымдастырушылық 
операциясын орындайтын орташа есептік уақыт шығыны да ағын 
тактісі болып табылады. 
Ағын тактісін τ деп белгілейді. Ауысымдағы берілген бұйым 
шығарылымына
М
см 
(қуаттылық) 
немесе 
ағындағы 
жұмысшылардың берілген санына 

байланысты такт мына 
формула бойынша анықталады: 
337


τ = 
Я/ М
с м
немесе τ = 
T/ N,
мұндағы 

— ауысым ұзақтығы, с; 
T
— бір бұйымды дайындауға 
қажетті уақыт шығыны, с. 
Егер ағын тактісі белгілі болса, онда ағын қуаттылығы: 
М
см 
= R/ 
τ

ал ағындағы жұмысшылардың саны: 
N

T/ τ. 
Жұмысшылардың санын тағы басқа екі формула бойынша да 
анықтауға болады: 
ағын қуаттылығын, бұйымның еңбек сыйымдылығын және 
ауысым ұзақтығын біле отырып, – мына формула бойынша: 
N


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   213   214   215   216   217   218   219   220   ...   321




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет