Оқулық «Білім беруді дамыту федералдық институты»


Қатаң (регламенттелген) ырғақты ағындарда



Pdf көрінісі
бет222/321
Дата04.09.2023
өлшемі13,94 Mb.
#105974
түріОқулық
1   ...   218   219   220   221   222   223   224   225   ...   321
Байланысты:
7d6a2d54b54db2ebe9d242e24bcc4fb8

Қатаң (регламенттелген) ырғақты ағындарда 
жартылай 
фабрикат ағын тактісімен келісілетін белгілі бір уақыт аралығынан 
кейін әрбір жұмыс орнына даралап беріледі. Жартылай 
фабрикаттарды процессішілік ауыстыру үшін мұндай ағындарда 
қозғалыс жылдамдығы регламенттелген конвейерді қолданады. 
Конвейер тік не көлденең жазықтықта тұйықталған таспа, тізбек, 
бұрандалы құрылғы түріндегі жылжымалы көлік құралы болып 
есептеледі. Конвейер жартылай фабрикатты жұмыс орындарына 
беруді механикаландырып қана қоймай, сонымен қатар ағын 
жұмысының қатаң ырғағының сақталуын да қамтамасыз етеді. 
Конвейердің жұмыс органы жартылай фабрикат бірлігі 
орналасатын бөліктерге (ұяшықтарға) бөлінген. Операцияны 
орындау уақытында конвейер ұяшығы оның ұзындығына 

тең 
жолды жүріп өтеді және жартылай фабрикаттың жаңа бірлігін 
өңдеуге береді. Конвейердің қозғалыс жылдамдығы
v = l 
• 60/τ. 
5.4-суретте қозғалыс жылдамдығы регламенттелген, ұяшықтарға 
бөлінген бір сызықтық таспалы конвейер көрсетілген. 
Қатаң ырғақты ағындарды тұрақты сұрыпталымдағы тігін 
бұйымдарын шығару кезінде пайдаланған дұрыс. 
Еркін ырғақты ағындарда жартылай фабрикатты беру

ереже бойынша, топтамалап жүзеге асырылады. Жартылай 
фабрикатты жұмыс орнына беретін құрылғы ретінде конвейерді, со 
сияқты әртүрлі процессішілік жетексіз көлік құралдарын 
пайдаланады. 
Еркін ырғақты ағындарда пайдаланылатын конвейер 
операцияны орындау 
уақытымен байланыспайтын тұрақты 
жылдамдықпен қозғалады (яғни, мұндай конвейер көлік 
функциясын ғана орындайды). 
344


 
5.4
-сурет. Қозғалыс жылдамдығы регламенттелген бір сызықтық таспалы 
конвейер: 
1 – бұйымды жіберу орны; 2 – бұйымды шығару орны; 3 – ұяшыққа бөлінген 
конвейерлік таспа; 
Жартылай фабрикаттарды жылжытатын басқа да құралдарға 
жылжымалы (бөлшек будаларын бекітуге арналған аспалы, 
еденүстілік және үстелүстілік қысқыш құрылғылар) жәнеи 
жылжымайтын (үстеларалық, сырғымалар, науалар) құрылғылар 
жатады. 
5.5-суретте бір сызықтық көлденең таспалы тұйық конвейер, ал 
5.6-суретте 
жартылай фабрикатты үстел арасында қолмен 
ауыстыратын екі сызықтық агрегат көрсетілген. 
Еркін ырғақты ағындар қатаң ырғақты ағындардың алдында 
бірқатар басымдықтарға ие. Олар анағұрлым ойтайлы және жаға 
модельдерді шығару кезінде тез өзгереді. Жұмыс орындарын 
топтық жайғастыру жабдықты барынша жақсы пайдалануға 
мүмкіндік береді. Мұндай ағындарда операцияны орындауға 
арналған жұмыс уақыты жартылай фабрикатты будалап беру 
жүйесінің арқасында қысқарады (монтаждау-ауыстыру амалдарына 
кететін уақыт азаяды), жұмысшылардың жеке қабілеттерін (жоғары 
еңбек өнімділігі, біліктілік, физиологиялық ерекшеліктер және т.б.) 
пайдалану мүмкіндігі артады. 
Бірақ әртүрлі орындаушылардың жұмыс ырғағының әртүрлілігін 
ескеру үшін, жұмыс орындарының арасына жартылай фабрикаттың 
операция аралық қорын орналастыру қажет. Мұндай қордың 
шамасы бұйым габаритіне, сұрыпталымның ауысу жиілігіне, 
тасымалдаушы құрылғының түріне, бір будадағы бөлшектердің 
санына және т.б. байланысты болады. 
Кей жағдайда, көбінесе сырт киімді дайындау кезінде, өндірісің 
әртүрлі кезеңдерінде жартылай фабрикаттарды өңдеудің әртүрлі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   218   219   220   221   222   223   224   225   ...   321




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет