Оқулық «Білім беруді дамыту федералдық институты»



Pdf көрінісі
бет225/321
Дата04.09.2023
өлшемі13,94 Mb.
#105974
түріОқулық
1   ...   221   222   223   224   225   226   227   228   ...   321
Байланысты:
7d6a2d54b54db2ebe9d242e24bcc4fb8

Секциялық ағын 
– ондағы технологиялық процесс бұйымды 
өңдеу кезеңдері бойынша бөлшектелген, бірыңғай ағын тактісіне 
бағынатын ағын. Секциялық ағындар технологиялық мамандану 
принципі бойынша құрылатындықтан, өнеркәсіпте кең қолданысқа 
ие. Секциялық ағындар үлкен, орташа және шағын қуаттылық 
ағындары болуы мүмкін. 
Әдетте, дайындау және монтаждау секциясын, бұйымды 
ылғалды жылумен өңдеу және соңғы әрлеу секциясын бөледі, бірақ 
кейде секциялар екеу ғана болуы мүмкін – дайындау және 
монтаждау-әрлеу (мысалы, әйелдерге арналған жібек және мақта- 
маталы көйлектер жасау кезінде). 
Дайындау секциясында жекелеген түйіндер мен бөлшектерді 
дайындау жөніндегі операциялар орындалады. Бұл ретте жасалатын 
бұйымдардың модельдік ерекшеліктеріне сәйкес дайындау 
секциясы мамандандырылған учаскелер не топтарға бөлінуі мүмкін 
(мысалы, артқы бойларды, алдыңғы бойларды, ұсақ бөлшектерді 
және т.б. өңдеу бойынша). 
Монтаждау секциясында құрастыру операциялары және біраз 
349


 
 
5.7-сурет. Технологиялық секциялық ағынның жалпы құрылымы 
деңгейде модельдік ерекшеліктерге байланысты болатын жұмыс 
түрлері 
жүргізіледі. 
Әрлеу 
секциясын 
кәсіпорында 
мамандандырылған әрлеу цехы болмаған жағдайда бөледі. 
Секциялардың арасында секция аралық сапа бақылауын 
ұйымдастырады, 
ол 
бракталған 
жартылай 
фабрикатардың 
секциядан секцияға өтуіне кедергі болады. 
Секциялардың арасында ырғақты жұмысты қамтамасыз ету 
үшін секция аралық қор көзделеді. 
Үлкен қуаттылық ағындарының секциялары әртүрлі ырғақпен 
жұмыс 
жасай 
алады. 
Бұл 
технологиялық 
бөлінбейтін 
операциялардың еңбек сыйымдылығы секцияларда әртүрлі 
болатынымен байланысты. Көбінесе монтаждау секциясында, еңбек 
сыйымдылығы жоғары операциялардан аулақ болу үшін, жиынтық 
қуаттылығы дайындау секциясының қуаттылығына тең екі-үш 
параллель біртиптік ағынды (желіні) бөледі. Монтаждау 
секциясының мұндай құрылымы экономикалық жағынан ұтымды 
болып табылады. Бұл ағындардың (желілердің) әрқайсысын, 
мысалы, әртүрлі типтік өлшемдегі әртүрлі модельдерді не 
бұйымдарды шығару үшін, пайдалануға болады. әрбір желіде тиісті 
пішіндегі жастықшалы баспақтарды қоюға және жастықшаларды 
ауыстырмастан жұмыс жасауға болады; жоғары өнімді жабдықты 
бірнеше желі үшін пайдалануға болады және т.б. 
5.7-суретте сырт киім дайындау жөніндегі технологиялық 
ағынның жалпы құрылымы көрсетілген. 
Секциялық 
ағындардың 
секциялық 
емес 
ағындардан 
артықшылықтары: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   221   222   223   224   225   226   227   228   ...   321




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет