370
5.5.
1-кезең
Технологиялық
Базалық
модельдерді
таңдау
Материалдар-
ды таңдау
Өңдеу тәсілдері
мен режимдерін
таңдау
Құрал-
жабдықты
таңдау
Еңбекті
техникалық
нормалау
2-кезең
Ағындарды есептеу
Ағындарды алдын
ала есептеу
Ағынды
ұйымдастыру
нысанын таңдау
Технологиялық
схеманы (еңбек
бөлінісі схемасын)
құрастыру
Техникалық-
экономикалық
көрсеткіштерді
есептеу
Жоғары өнімді
жабдыққа
қажеттілікті
есептеу
Жартылай
фабрикаттардың
ағында өту
тәртібін, олардың
санын және өңдеу
сапасын жедел
есепке алу
Сапаны басқару
жүйесін әзірлеу
Көлік құралдары
5.15
-сурет. Ағынды жобалау реттілігі
371
3-кезең
Ағындар жұмысын
ұйымдастыру
4-кезең
Ағындар жұмысын
ұйымдастыру
Жұмыс орындарын
ұйымдастыру және
оларды технкикалық
жабдықтау
Жабдықтар мен жұмыс
орындарын
орналастыру, цех
жоспары
5.16.-сурет. Бір конструктивтік негізде әзірленген пальто модельдерінің
тобы
ды немесе кәсіпорында бар материалдарды ескере отырып,
қайтадан әзірлейді.
Модельдер
сериясын
дайындау
үшін
пайдаланылатын
материалдар – негізгі, астар, іштік, фурнитура, – нақты модельге
ғана емес, сонымен қатар, мүмкін болса, бір-біріне де сәйкес келуі
тиіс, яғни физикалық-механикалық қасиеттері ұқсас болуы тиіс, бұл
жабдықты қайта жөндеуден аулақ болуға және өңдеудің бірыңғай
режимдерін белгілеуге мүмкіндік береді. Материалдарды түстік
безендіру бір гаммада орындалуы тиіс, бұл жіптерді ауыстыруға
жұмсаудың қажеті жоқ өңдеу уақытын қысқартуға жағдай жасайды.
Тоқылмаған материалдар, желімдік жабынды материалдар,
желімдік өрмек, түссіз жіптер бұйым дайындаудың үдемелі
технологиясын пайдалануға мүмкіндік береді, ал бұл бұйымдардың
сапасын жақсартады.
Цехтарды не ағындарды қайта құру және қайта ұйымдастыру
кезінде материалдар мен жабдықтарды кәсіпорындар барларының
қатарынан таңдайды.
Өңдеу тәсілдері мен режимдерін таңдау жабдықтарды,
модельдерді
таңдаумен
және
таңдалған
материалдардың
қасиеттерімен байланысты.
372
Өңдеу тәсілдері мен жабдықтарды таңдай отырып, әртүрлі
нұсқаларды салыстырады да, бұйымды өңдеуге кететін уақытты
қысқартуға және еңбек өнімділігін арттыруға, бұйым құнын
төмендетуге және оның сапасын жақсартуға, жұмыс ауданын
ұтымды пайдалануға және орындаушылардың еңбек жағдайларын
жеңілдетуге мүмкіндік беретін оңтайлысына тоқтайды.
Жобаланатын ағын үшін жабдықты таңдау кезінде:
■
машина операцияларының жалпы операциялар санындағы
меншікті салмағын арттыруға;
■
қол жұмыстарын механикаландыруға;
■
жартылай автоматты машиналарды пайдалана отырып, кешенді
механикаландыруға;
■
жұмыс орындарын шағын механикаландыру құрылғыларымен
жабдықтандыруға;
■
ылғалды жылумен өңдеу операцияларының санын қысқартуға
ұмтылу қажет.
Өңдеу тәсілдерін таңдау кезінде:
■
қолданылатын желімдік материалдардың саласын кеңейтуге;
■
бөлшектерді қию операцияларын қысқартуға;
■
бөлшектерді аударуды талап ететін тігістерді (жөрмеу және
қосарлы) қиықтарды жиектейтін қайым тігіспен, шеттіктеу не
жапсырма желімдік тігістермен алмастыруға;
■
тізбектік инешаншым тігімдерін пайдалану арқылы киім
бөлшектері мен түйіндерін жіппен бекітуді жетілдіруге
ұмтылады.
Цехтар мен кәсіпорындарды қайта құру және қайта
ұйымдастыру кезінде өңдеу тәсілдерін қолда бар жабдықты және
шағын механикаландыру құралдарын барынша көбірек пайдалану
ұмтылысын ескере отырып белгілейді (егер жаңа жабдық сатып алу
көзделмесе). Бөлшектер мен түйіндерді өңдеу режимдерін
материалдардың
физикалық-механикалық
қасиеттеріне
және
жобаланатын не қолда бар жабдықтың мүмкіндіктеріне сәйкес
белгілейді.
Бұйым өңдеудің технологиялық реттілігін құрастыру (6.1-сурет)
және таңдалған өңдеу әдістерінің тиімділігін есептеу өңдеу әдістері
мен жабдық түрін таңдау жөніндегі жұмыстың қорытындысы болып
табылады. Таңдалған өңдеу әдістерінің экономикалық тиімділігі екі
көрсеткішпен:
бұйым
өңдеудің
еңбек
сыйымдылығының
төмендеуімен және еңбек өнімділігінің өсуімен бағаланады.
Бұйым дайындаудың (өңдеудің) еңбек сыйымдылығы мына
формула бойынша анықталады:
373
n
Т
=
Σ
t
но
1
1
мұндағы
n
– технологиялық реттіліктегі технологиялық бөлінбейтін
операциялардың саны;
t
н.о
– технологиялық бөлінбейтін операцияға
кететін уақыт шығыны.
Еңбек сыйымдылығының төмендеуін мына формула бойынша
есептейді:
Δ
Т
=
Т
ст
– Т
нов
,
мұндағы
Т
ст
– қолданыстағы ағындағы бұйым өңдеудің еңбек
сыйымдылығы;
Т
нов
– жобаланатын ағындағы бұйым өңдеудің еңбек
сыйымдылығы.
Еңбек өнімділігінің өсуі, %, мына формула бойынша есептеледі:
Р
п.т
Достарыңызбен бөлісу: |