Оқулық «Білім беруді дамыту федералдық институты»



Pdf көрінісі
бет231/321
Дата04.09.2023
өлшемі13,94 Mb.
#105974
түріОқулық
1   ...   227   228   229   230   231   232   233   234   ...   321
Байланысты:
7d6a2d54b54db2ebe9d242e24bcc4fb8

жылжыту арқылы 
жұмыс
). Жылжыту арқылы, әдетте, бұйым ішінара жиналған 
монтаждау секциясында жұмыс істейді (бұл ретте бөлшектерді 
жоғалтуға және шатастырып алуға болмайды). 
Қатты ырғақты конвейерлік ағынның а р т ы қ ш ы л ы қ т а р ы : 

бригада жұмысын ұйымдастырудың жоғары дәрежесі; 

аяқталмаған өндіріс көлемінің азаюы және өндірістік циклдің 
қысқаруы; 

жартылай фабрикаттарды есепке алу және ағынға қызмет 
көрсету жеңілдігі; 

жартылай 
фабрикатты 
тасымалдауды 
механикаландыруға 
байланысты еңбектің жеңілдеуі; 

агрегаттық 
және 
топтық 
ағындардың 
өнімділігімен 
салыстырғанда еңбек өнімділігінің жоғарылауы. 
Бұл ағындардың к е м ш і л і к т е р і : 

қатаң ырғақпен байланысты мұқият есептеулердің және 
модельер ауысқан жағдайда жұмыс орындарын қайта қою 
кезінде қайта есептеулердің қажеттілігі; 

еселі операциялар болған жағдайда процесті ұйымдастырудағы 
қиындықтар; 

төмен оңтайлылық; 

бөлшектерді будалап өңдеуге арналған ірі габаритті жабдықты 
пайдаланудың шектеулі мүмкіндіктері; 

баспақтармен және үтіктегіш үстелдермен жабдықталған жұмыс 
орындарын ағындағы бұйымның қайталама қозғалыстарының 
(ауысуының) мүмкін болмауының салдарынан жеке ықшам 
учаскеге бөлудің күрделілігі; 

жұмысшылардың жеке қабілеттерін пайдаланудың мүмкінсіздігі. 
Еркін ырғақты 
конвейерлік ағындар, ереже бойынша, тізбекті- 
сұрыпталымды немесе циклдік жіберуге және топтамалық (будалап) 
қуаттауға ие. Мұндай ағындарда жартылай фабрикаттар қораптарда, 
жәшіктерде, бункерлерде, қысқыш күймешелерде және осы сияқты 
құрылғыларда түзу сызықтық және шеңбер қозғалыс жасай отырып 
тасымалданады. 
Әртүрлі 
конструкциялы 
қысқыштарда 
жартылай 
фабрикаттардың түзу сызықтық қозғалысын пайдаланатын ағындар 
үлкен қуаттылыққа ие және олар тұрақты сұрыпталым бұйымдарын 
(шалбарлар, ішкөйлектер, курткалар және т.с.с.) жасаған кезде, 
363


әсіресе, монтаждау секциясында қолданылады. 
Жартылай фабрикатты тұйық траектория бойынша жәшіктерде 
жылжытатын орташа және шағын қуаттылықтағы шеңбер 
конвейерлік ағындарды әртүрлі модельдегі бұйымдарды (әдетте 
әйелдер көйлектерін, блузкаларды және т.с.с.) шағын сериялармен 
жасаған кезде пайдаланады. Шеңбер ағындарды дайындау 
секцияларында сырт киім жасаған кезде қолддануға болады. 
Шеңбер ағындарда жартылай фабрикатты қорапқа есептеумен 
анықталатын мөлшер мен тәртіпте салады. Ұйымдастыру 
операциясының нөмірі бар арнайы карточкамен жабдықталған 
қорапты конвейерге қораптағы бұйым санына көбейтілген ағын 
тактісіне тең аралықтармен қояды. Ағынның ырғақты жұмысын 
қамтамасыз ету үшін әрбір жұмысшыға кем дегенде үш қораптан 
келуі тиіс (екеуі үстеларалықта, бірі конвейерде). Жұмысшы 
операцияны орындап болған соң, орындалған жұмысың көлемін 
есепке алу үшін арнайы карточканы толтырып, оны өзінде 
қалдырады. Бұл карточкалар жұмысшылардың арасында жұмысты 
бөлу үшін қызмет етеді. Қораптар конвейерде тұрақты 
жылдамдықпен қозғалады. Жұмыс кідіріп қалған жағдайда 
жартылай фабрикаттар салынған қорап, бір айналып шыққаннан 
кейін, жұмыс орнына қайтадан беріледі. 
Шеңбер конвейердің тасымалдаушы таспалары бойынша 
қораптардың қозғалысы көлденең тұйық және тік тұйық болуы 
мүмкін. 
Көлденең тұйық қозғалыс кезінде жұмыс орындары конвейерлік 
таспалардың екі жағынан да орналасады (5.5-суретті қараңыз). Бұл 
жағдайда жұмысшы жартылай фабрикаттың қозғалысына қарама- 
қарсы отырғандықтан, оған арналған қорапты көреді. 
Тік тұйық қозғалыс кезінде жартылай фабрикаттар салынған 
қораптар конвейердің үстіңгі тармағынан астыңғы тармағына және 
астыңғы тармақтан жіберу үстеліне жылжиды. Жұмыс орындары 
конвейердің екі жағынан конвейердің таспасы жұмысшының сол 
жағынан өтетіндей етіп орналасады. Тік тұйық конвейердің 
кемшіліктері мыналар: 

бүкіл ағынның жұмыс барысын бақылау мүмкіндігі шектелген 
(астыңғы тармақта орналасқан қорапта операция нөмірлері 
көрсетілген карточкалар көрінбейді); 

жұмысшылардың бір бөлігі конвейердің үстіңгі тармағының 
қозғалу бағытына теріс қарап отырады; 

өңделмеген жартылай фабрикаттар салынған қорапты ағынға 
қайта жіберу қажет болған жағдайда, жұмысшы жартылай 
фабрикаттарды өңдеу кезектілігін білдіретін арнайы сигнал беруі 
тиіс. 
364


Шеңбер 
ағындарда 
жартылай 
фабрикатың 
шеңбер 
қозғалысының арқасында жұмысшының жеке қабілеттерін толық 
пайдалануға болады. Бұл жерде модельдер ауысымы кезінде жұмыс 
орындарын қайта қою талап етілмейді. Қораптардың барар жерін 
өзгерту арқылы және қораптарды қайта беру мүмкіндігінің 
арқасында жұмыс орындарын мамандандыруға қол жетеді. Мұның 
барлығы шеңбер ағындардың артықшылықтары болып табылады. 
Оладың кемшіліктеріне конвейерлерді механикалық жолмен 
орнатудың қиындығымен қатар, бұйымды өңдеуге кететін уақыт 
шығынының ұлғаюы жатады, ол мынадай көмекші амалдарды 
орындау қажеттілігінен туындайды: 

қораптарды автоматты жіберу болмаған жағдайда – қорапты 
конвейерден алу, қораптан бөлшектерді суырып алу, оған 
бөлшектерді салу, карточканы суырып алу, қорапты конвейерге 
қою; 

қораптарды автоматты жіберу жағдайында – қораптан бұйымды 
суырып алу, оған бұйымды салу, бағыттауышты өзгерту, 
қорапты конвейерге қою. 
Қораптарды автоматты жіберу кезінде әрбір орынды сигнал беру 
механизмімен, жабдықтайды, оның әрекетінің нәтижесінде 
конвейерлік таспамен қозғалып бара жатқан әрбір қорап жұмыс 
орнының көлбеу приставкасына жылжиды, оның нөмірін оператор 
береді. 
Жартылай фабрикаттар ілулі күйде орналасатын конвейерлер 
анағұрлым үдемелі болып табылады. Бұл өндірістік ауданды 
үнемдеуге, мыжылу мен ластануға аз ұшырайтын жартылай 
фабрикаттардың сапасын арттыруға мүмкіндік береді. 
Жартылай фабрикаттарды жылжытуға арналған аспалы 
құрылғыларды 
пайдаланған 
кезде 
қысқыштарды 
(немесе 
қоларбаларды) жылжытуды автоматты басқару қолданылады. Бұл 
мақсатта конвейерлер микропроцессорлары бар сигнал беру 
құрылғыларымен жабдықталады. Жүйенің жұмысын оператор 
орталық басқару постынан басқарады. Жұмыста ақаулар пайда 
болған жағдайда, оператор өндірістік процеске өзгерістер енгізеді 
және жартылай фабрикаттар өңдеу үшін бос не қосалқы орындарға 
жіберіледі. Бағдарламалық басқаруға ие аспалы конвейерлерді 
қолдану 
ағынның 
оңтайлылығын 
арттыруға, 
өндірісті 
ұйымдастырудың икемді жүйесін құруға мүмкіндік береді. 
Жұмыс орындары бойынша автоматты түрде бөле отырып, 
жартылай фабрикаттарды ілулі күйде жылжытуды костюм, плащ, 
пальто, шалбар, ішкөйлек дайындаған кезде қолданады. 
Жартылай фабрикаттар будасын жұмыс орындарына жіберу 
үшін өнеркәсіптік көлік роботтарын қолдану ағынды желілерді 
365


ұйымдастырудың жаңа нысандарының бірі болып табылады. Бір 
робот 12...16 жұмыс орнына қызмет көрсетеді. Роботтың қозғалысы 
берілген бағдарлама бойынша қатаң түрде жүзеге асырылады, 
бағдарламада роботтың жартылай фабрикаттар салынған қорапты 
алу үшін жұмыс орнынан келу уақыты және басқа жұмыс орнына 
қорапты беру үшін оған қарай жылжу уақыты көзделеді. Роботтың 
қозғалысын басқару бағдарламалар сериясы бойынша автоматика 
құралдарының көмегімен жүргізіледі. 
Жартылай автоматты және автоматты жабдықты қолдану 
негізінде технологияны жетілдіру, өндірісті мамандандыру мен 
шоғырландырудың қажетті деңгейі технологиялық процестерде 
әртүрлі тігін бұйымдарын дайындау жөніндегі жоғары өнімді 
кешенді-механикаландырылған желілерді (КМЖ) пайдалану үшін 
алғышарт жасайды. КМЖ-ге барынша үдемелі жабдықтардың, 
шағын 
механикаландыру 
құралдарының 
және 
ұйымдық 
жарақтардың жиынтықтары кіреді. Сонымен қатар, модельдердің 
тез ауысымын ескере отырып, КМЖ қайта жөндеу арқылы 
технологиялық біртекті модельдерді жасауға болатын жабдықпен 
жарақтандырылады. Бұған қоса, жабдық жиынтығының құрамына 
оның әртүрлі модельдерді дайындауға арналған бірнеше түрін 
қосуға болады. Мысалы, көйлек дайындауға арналған жабдық 
жиынтығында 
әрлеудің 
сан 
аулан 
түрлерін: 
кестелеуді, 
желбіреуіштерді қосып тігуді, қатпарларды бүгіп тігуді және т.б. 
орындауға арналған машина қарастырылады; ерлер шалбарын 
дайындауға арналған жабдық жиынтығына түймемен және сыдырма 
түймелікпен түймеленетін шалбар гульфигін өңдеуге арналған 
машина енгізілген. 
КМЖ жұмысын толықтай механикаландыруға ұмтылады. Қол 
еңбегін осы кезеңде механикаландыру қиын немесе орынсыз 
болатын операцияларды орындаған кезде ғана қолданады. 
Пайдаланылатын машиналардың құрамына байланысты КМЖ-ні 
бірінші және екінші буынды деп бөледі. 
Бірінші буынды КМЖ жалпы мақсаттағы сырып тігу 
машиналарымен, арнайы мақсаттағы тігін машиналарымен, 
жартылай 
автоматты 
машиналармен 
(ілгектер, 
бекітпелер 
дайындауға, түйме тағуға арналған), ылғалды жылумен өңдеуге 
арналған профиль жастықшалары бар баспақтармен жабдықталған. 
Бұл жабдық үшін технологиялық және ұйымдық жарақтар мен 
процессішілік көлік құралдарының 150-ден астам түрі әзірленген. 
Екінші буынды КМЖ, бірінші буынды КМЖ жабдықталған 
жабдықпен қатар, қосымша жұмыстарды орындауға арналған 
(мысалы, екі инелі машиналардың инелерінің арасында жартылай 
фабрикатты кесуге арналған) механизмдері бар арнайы тігін 
366


машиналарын; агрегатталған жұмыс орындарын; бөлшектерді 
жөрмеуге, бүкпелерді, монтаждау тігістерін, қалта бүрмелерін және 
т.б. жасауға арналған жартылай тігін автоматтарын; ылғалды 
жылумен өңдеуге арналған жетілдірілген жабдық жиынтықтарын 
(мысалы, булауға және вакуумдық соруға арналған құрылғылармен 
жабдықталған үтіктегіш үстелдер) қамтиды. Агрегатталған жұмыс 
орны автоматты емес тігін машинасымен, көмекші амалдарды 
механикаландыру және автоматтандыру құралдарымен (мысалы, 
инені берілген қалыпта тоқтатуға, қысқаш табандықты көтеруге, 
жіпті, таспаларды, мата кесінділерін, ызбаны кесуге, бөлшектерді 
будадан даралап бөлуге және оларда будаға салуға арналған 
құрылғылармен); жартылай фабрикаттарды тігін машинасының 
инелеріне бағыттауға арналған тетіктермен (орама қуаттау 
жағдайында); қосымша тасымалдаушы механизмдермен (тартпа 
роликтермен); арнайы пішіндегі қақпағы, қосымша жазықтықтары, 
бункерлері, жартылай фабрикаттарға арналған қысқыштары және 
т.б бар өнеркәсіптік үстелдермен жабдықталған. 
Екі буындағы КМЖ-нің тігін машиналарымен жабдықталу 
дәрежесі келтірілген 5.8-кестеден жалпы мақсаттағы сырып тігу 
машиналарының саны қалай күрт төмендеп, көмекші амалдарды 
автоматтандыну 
құралдарымен 
жабдықталған 
сырып 
тігу 
машиналарының, арнайы мақсаттағы машиналар мен жартылай 
автоматтардың саны қалай артатыны көрінеді. 
Екінші буындағы КМЖ-ні жобалаудың алдында бұйым 
конструкциясы мен оны дайындау технологиясын типтендіру және 
бірегейлендіру жүруі тиіс. 
Мамандандырылған жоғары өнімді жартылай автоматты және 
автоматты 
жабдықты 
құру, 
сондай-ақ 
технология 
мен 
конструкциялауды жетілдіру тігін ағындарын ұйымдастыру 
нысандарын одан әрі жетілдіру міндетін қояды. Бұл міндеттің 
шешімдерінің бірі қуаттылығы бүкіл кәсіпорынның (фабриканың) 
қуаттылығына тең ағындарды жобалау болып табылады. Тігін 
өндірісін бұлай ұйымдастыру өтпелі ағын немесе ағынды фабрика 
деген атауға ие. 
Өтпелі ағындар – ұйымдастырушылық басқару құрылымы 
күрделі қуатты ағындар, сондықтан тұрақтылық – олардың жұмыс 
тиімділігінің негізгі шарты. 
5.14-суретте өтпелі ағын құрылымы келтірілген. 
Өтпелі ағында өндірістік даярлау және пішу учаскелерінен басқа 
технологиялық мамандандырылған үш дербес цех құрылған – 
дайындау, монтаждау және әрлеу. Әрлеу цехында өңдегеннен кейін 
өнім қоймаға кетеді. Өтпелі ағынның барлық учаскелері әдетте 
кәсіпорынның әртүрлі қабаттарында не әртүрлі орынжайларында 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   227   228   229   230   231   232   233   234   ...   321




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет