шартты модель үшін жүргізеді, ол жалпы шығарылымдағы әрбір
модель шығарылымының арақатынасы ескерілген орташа шама
ретінде мына формула бойынша белгіленеді:
мұндағы
Т
– әрбір модель бұйымын жасаудың еңбек сыйымдылығы;
М
– модельдер бойынша ауысымдағы шығарылым;
τ =
Т
ср
/N.
Құрама жіберуді
бір-бірінен жекелеген түйіндерді өңдеу
тәсілдері және еңбек сыйымдылығы бойынша өзгешеленетін көп
модельдер санын бір уақытты дайындау қажет болған жағдайда
қолданады. Бір ағында көп модель санын дайындау мүмкіндігі
барлық модельдерді бір топқа іріктеу арқылы орындалады.
Модельдер топтары ағынға кезек-кезекпен жіберіледі. Топтардың
ішінде модельдер ағынға циклдік негізде жіберіледі. Модель
топтарын ауыстыру кезінде ұйымдастыру операцияларының
құрамында күрт өзгеріс болмауы тиіс. Әрбір топ үшін, циклдік
жіберілетін
ағындардағы
сияқты,
орташа
өлшемді
еңбек
сыйымдылығын және тактіні анықтайды.
Тізбекті және циклдік жіберілетін ағынның параметрлерін
есептеу мысалдарын қарастырайық.
5.6
-мысал.
Әйелдер пальтосын дайындау жөніндегі көп модельді
ағынның параметлерін есептейік.
Б а с т а п қ ы д е р е к т е р : сұрыпталым – үш модельді әйелдер пальтосы,
жұмысшылар саны 79, ауысым ұзақтығы 8 сағ.
Техникалық құжаттама құрастырғаннан кейін әрбір модельді
дайындаудың еңбек сыйымдылығы алынды. 1-модель үшін ол 4,4 сағ, 3-
модель үшін – 4,11 сағ, 3-модель үшін 4,15 сағ.
Бұл
модельдер
үшін
дайындау
еңбек
сыйымдылығындағы
айырмашылық 15%, сондықтан олар үшін тізбекті жіберу түрі таңдалды.
Параметрлерді есептеуді орташа есептік деректер бойынша жүргіземіз.
Орташа еңбек сыйымдылығы:
Т
ср
= (4,4 + 4,11 + 4,15)/3 = 4,22 сағ = 15 192 с.
Ауысымдағы шығарылым
М
см
= 79•8/4,22
≈
150 бірл.
Ағын тактісі
τ = 15192/79 = 192 с.
Достарыңызбен бөлісу: