Процестер графтары (бұйым өңдеудің технологиялық реттілігінің
графикалық кескіні) да әрбір модель үшін құрастырылады.
Дайындалатын бұйымдардың барлық модельдері үшін негізгі
құрастырма бірлік қандай да бір белгілі бөлшек болып табылады
(мысалы, алдыңғы жақ), тіпті негізгі құрастырма бірлікті таңдау
қалыптамасында да (6.1-бөлімшені қараңыз) әрбір модель үшін
қайшылықтар болады (мысалы, модельдердің бірінде артқы бой мен
алдыңғы бойда байланыстар жиыны бірдей болады).
Әрбір модель процестерінің графтарын салыстыра келе, осы
модельдердің бұйымдарын өңдеудің технологиялық реттілігіндегі
ұқсастық пен айырмашылықты белгілейді. Бұл осы модельдердің
бұйымдарын бір ағында бірлесіп дайындау нұсқасын, яғни
модельдерді ағынға жіберу тәртібін таңдауға көмектеседі.
5.3-бөлімшеде көп модельді ағындардағы модельдерді жіберу
түрлері толығырақ қарастырылды – циклдік, тізбекті және құрама.
Модельдерді жіберу кезінде кезектілікті анықтау үшін модельдерді
екеуара салыстыру, технологиялық реттілік коэффициентін есептеу
және осы коэффициенттердің қалыптамасын құрастыру арқылы
модельдердің технологиялық біртектілігін бағалау жүргізіледі.
Технологиялық біртектілік коэффициенттерінің қалыптамасы
арқылы модельдерді жіберудің оңтайлы кезектілігі анықталады.
Біртектілік коэффициентін (модельдер жұбы үшін) мына
формула бойынша анықтайды:
K
од
= 2
N
τод
/
Σ
N
об
,
мұндағы 2 – салыстырылатын модельдердің саны;
N
τод
–
салыстырылатын модельдердің біртекті технологиялық бөлінбейтін
операцияларының саны;
Σ
N
об
-
технологиялық бөлінбейтін
операциялардың жалпы саны (екі модельдің).
Достарыңызбен бөлісу: