Оқулық «Білім беруді дамыту федералдық институты»



Pdf көрінісі
бет26/321
Дата04.09.2023
өлшемі13,94 Mb.
#105974
түріОқулық
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   321
Байланысты:
7d6a2d54b54db2ebe9d242e24bcc4fb8

31


1.2.

техникалық талаптар; 

қабылдау қағидалары; 

бақылау әдістері; 

тасымалдау және сақтау. 
Техникалық талаптар бөлімінде: 

бұйымның атауы; 

модельдің суреттемесі және оның сыртқы түрінің техникалық 
сипаттамасы; 

пішім мен тігіске қойылатын техникалық талаптар; 

материал мен фурнитураға қойылатын техникалық талаптар; 

пішім бөлшектерінің ерекшелігі; 

дайындауға қабылданған, барлық өлшем мен ұзындықтағы 
лекалоны және дайын бұйымдарды өлшеу кестесі (өлшемдер 
табелі), сондай-ақ негізгі өлшеу орындары көрсетіледі. 
Қажет болған жағдайда тігін бұйымын дайындауға қойылатын 
басқа талаптар да қосылуы мүмкін. 
КИІМ ӨНДІРІСІНДЕГІ ЖҰМЫС 
КЕЗЕҢДЕРІ МЕН ТҮРЛЕРІ
 
Киім дайындау процесі мынадай негізгі кезеңдерден тұрады: 
модель, конструкция және лекало құрастыру; материалды пішуге 
және пішімді дайындау (яғни, дайындау-пішу бөлігіндегі 
жұмыстар); бұйымды тігу және өңдеу. 
Жаппай өндіріс үшін модельдерді әзірлеумен және бұйымдарды 
конструкциялаумен жекелеген дизайнерлік бюролар немесе 
дизайнерлер кәсіпорын тапсырыстары бойынша, сондай-ақ кейбір 
кәсіпорындардың эксперименттік цехтары айналысады. 
Бағыттаушы міндеттегі модельдер топтамасы әзірленгеннен 
кейін, оны кәсіпорындар мен ұйымдарға көрсетуді ұйымдастырып, 
жетекші базалық модельдерді модельдеу, конструкциялау және 
оларды 
дайындау 
технологиясы 
жөніндегі 
әдістемелік 
нұсқаулықтарды таратуға болады. Топтаманы қарағаннан кейін 
кәсіпорындар модельдердің мөлшерін, өлшем мен ұзындықтың 
ұсынылатын шкалаларын және материал артикулдарын көрсете 
отырып, топтама әзірлеуге өтінім (техникалық тапсырма) беруі тиіс. 
Кәсіпорынның техникалық тапсырмасының негізінде модель 
эксиздері әзірленеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   321




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет