Бұйым бөлшектерін пішу кезінде қиық сызығының берілген
пішінінің өзгерісі сәйкес лекало
қиықтарының пішінінен асып
кетпеуі тиіс: иық қиықтарында, қолтық ойындысы қиықтарында,
жеңтүпте, мойында және т.с.с ± 1 мм; лиф, блузка, белдемше,
шалбардың алдыңғы бой мен артқы бойының бүйір қиықтарында,
шалбардың үстіңгі қиықтарында; жеңнің бүйір
және астыңғы
қиықтарында ± 2 мм; өңірастының, блузка, лиф, белдемше және
шалбар етегінің ішкі қиықтарында ± 3 мм.
Бөлшектегі кертпелер арасындағы
арақашықтық лекалодағы
сәйкес арақашықтықпен салыстырғанда ± 2 мм болмауы тиіс.
Кертпенің ұзындығы бойынша қалыпты өлшемі (4 ± 1) мм.
1.1.4.Киімге қойылатын талаптар. Нормативтік
құжаттар
Киімге қойылатын талаптар өнімнің міндеті мен сапасына
сәйкес
тұтынушылардың
сұраныстарын
қанағаттандыру
қасиеттерімен анықталады.
Киім сапасы көптеген факторларға байланысты болады, олардың
негізгілері:
■
материал сапасы;
■
бұйымды жобалау (модельдеу және конструкциялау) сапасы;
■
технологиялық өңдеу сапасы болып табылады.
Материал сапасы киімнің өз функционалдық міндетіне,
бейнесіне
және тұтынушының жасына, сән бағытына сәйкес
келуімен байланысты. Материалдың гигиеналық қасиеттері
адамның көңіл-күй мен жұмысқа
қабілеттілігіне әсер етеді, өйткені
киімнің астында қандай да бір микроклимат тудырады.
Материалдардың қасиеттері – олардың қаттылығы, күлтелілігі,
беріктігі – қажетті көлемді-кеңістіктік пішінді құру мүмкіндігін
және оның пайдалану кезіндегі беріктігін анықтайды. Киімді
жобалау сапасына киімнің көлемді-кеңістіктік
пішіні мен
композициясы ғана емес, сондай-ақ оның көркемдік-эстетикалық
қасиеттері және бұйымдардың үнемділігі
мен технологиялылығы
байланысты болады.
Достарыңызбен бөлісу: