шектес
не әртүрлі
разрядты
технологиялық
бөлінбейтін
операцияларды;
б) технологиялық бөлінбейтін машина операцияларын қосымша
жұмыс орнынсыз бірдей түйіндермен инесіз орындалатын қол
операцияларымен. Мысалы, «бүйір қиықтарды сырып тігу»
операциясын «қиықтарды көктеген жіптерді алып тастау»
операциясымен, «қақпақшаны айналдыра көктеуді» операциясын
«қақпақшаны беткі жағына аударумен» біріктіреді;
в) технологиялық бөлінбейтін баспақтау операцияларын инесіз
орындалатын қол операцияларымен немесе баспақтың жұмыс
істеген кезінде жүзеге асырылуы мүмкін үтіктеу операцияларымен;
г)
әртүрлі
машиналарда
орындалатын
технологиялық
бөлінбейтін операцияларды;
д) технологиялық бөлінбейтін операцияларды технологиялық
мақсатқа сәйкестік бойынша бір ұйымдастыру операциясына
біріктіруге жол беріледі, осыған байланысты бөлшек не түйін
өңдеуді ағынның ұйымдастыру операцияларының мүмкін болатын
барынша аз санында шоғырландыру үшін, кейде тіпті жұмыс түрі
мен разрядтары жағынан әртүрлі технологиялық бөлінбейтін
операцияларды бір ұйымдастыру операциясына біріктірген дұрыс
(мысалы, тілікті қалта дайындау жөніндегі барлық қол және машина
операцияларын бір ұйымдастыру операциясына біріктіруге;
лацкандар мен өңірлердің бұрыштарын жөрмеу сызықтарын
дәлдеуді
«өңірлерді
жөрмеу»
операциясымен
біріктіруге;
бөлшектерді уақытша біріктіру жіптерін алып тастауды қиықтарды
сырып тігумен немесе тігістерді айыра үтіктеумен біріктіруге
болады). Операцияларды технологиялық мақсатқа сәйкестігі
бойынша біріктіру түйін өңдеудің жоғары сапасын қамтамасыз
етеді және жұмыс режимдері бірдей құрал-жабдықтарды барынша
пайдалануға мүмкіндік береді.
Егер шектес ұйымдастыру операцияларында тактіден белгісі
жағынан қарама-қайшы жол берілетін ауытқулар көп болса, процесс
жұмысының ырғақтылығы бұзылады (мысалы, егер 3-ұйымдастыру
операциясын орындау уақыты процесс тактісінен 10%-ға көп болса,
ал 4-операцияны орындау уақыты процесс тактісінен 10%-ға аз
болса).
Келісу процесінде ағындарды есептеу кезіндегі операцияларды
келісу кезіндегі сияқты іс-шараларды жүргізу қажет (5-тарауды
қараңыз).
Бұйым бойынша операццияның уақытын келісу күрделі
элементтерді бөле отырып орындалады. Бұл ретте әуелі әрбір
жұмысшы үші бастапқы күрделіліктегі бұйым операциясын
Достарыңызбен бөлісу: