бүктелген және көктелген қиықпен жапсырады және модельге қарай
сол не басқа арақашықтықта сырып тігеді (1.127-сурет).
Жиектемелі жөрмеу тігісін (1.128-сурет) жиектемелі қайым тігіс
сияқты орындайды, тек айырмашылығы – қайым тігісте
бөлшектерді біріктіргеннен кейін қиықтарды қайым тігімге қарама-
қарсы жаққа орналастыра отырып, айыра үтіктейді, ал жөрмеу
тігісінде бөлшектерді беткі жағына аударып, жиектемені бүгілген
жерге орналастырады. Бұл тігісті арнайы құрылғымен не онсыз
орындайды (1.129-сурет).
Қатпарлар
тігістің бір түрі болып табылады. Қатпарларды
қозғалыс еркіндігін қамтамасыз ету үшін, сонымен қатар бұйым
денебітімге жанасып тұру үшін бұйымның негізгі бөлшектерінде,
сондай-ақ фасонды сызықтар ретінде жобалайды. Қатпарлар жай
және күрделі, сәндік және біріктіру, бір жақты, қарсы, банттық
болады.
Ж а й б і р ж а қ т ы қатпарлар — беткі жағындағы барлық
бүкпелері бір жаққа, ал ішкі жағындағы бүкпелері екінші жаққа
бағытталған қатпарлар. Әрбір қатпарды ішкі жақтан үш сызықпен–
ортаңғы (ішкі бүкпе сызығы), бүйір (сыртқы бүкпе сызығы) және
сырып тігу соңын анықтайтын сызықпен белгілеп қояды. Қатпар ені
модельге байланысты болады. Егер бөлшекте қатпар біреу болса,
онда оның тереңдігі 4-тен 8 см дейін болады. Бөлшектерді пішу
кезінде қатпардың екі еселенген еніне тең қосымша жасайды.
Мысалы, қатпардың ені 4 см-ге тең болса, онда қосымша 8 см
болуы тиіс.
Бөлшекті белгіленген ортаңғы сызық бойымен беткі жағын ішке
қаратып бүктейді де, арнайы машинада сирек тігіммен (1 смде 2-3
инешаншым) немесе ұзындығы 1...2 см түзу көктейтін
инешаншымдармен бүйір сызық бойымен көктейді, одан соң сырып
1.125
-сурет. Екі тігіммен орындау кезіндегі көмкермелі қайым тігіс:
а
— көмкермені бір бөлшекке алдын ала қосып тігу арқылы бөлшектерді біріктіру;
б
— дайын күйдегі тігіс
Достарыңызбен бөлісу: