Бедерлі бастырма тігістерді
тұтас
бөлшекте бедерлі сызық
алу үшін қолданады, мысалы көйлек пен пальтоның артқы бойы
мен жеңдерінде.
Тігісті жасау үшін бөлшектің ішкі жағынан белгіленген сызық
бойымен негізгі матаның (1.123-сурет) немесе сол қалыңдықтағы
матаның жолағын оның ортасы
белгіленген сызықпен сәйкес
келетіндей етіп салады да, оны беткі жағынан белгіленген сызық
бойымен қосып тігеді. Одан әрі негізгі бөлшекті кесіндіні қосып
тігу тігісінің бойымен беткі жағын ішіне қаратып бүктейді және бір
жаққа қарай түреді, ал қосып тігілген кесіндіні екінші жаққа қарай
түреді. Одан кейін негізгі бөлшек бойымен екінші тігімді бүрмеден
0,1...0,2 см арақашықтықта немесе
белгіленген сызық бойымен
салады, ұштарында тігімді жоққа шығарып, беткі жағынан бедер
жасайды. Негізгі бөлшекті айналдырады.
Кесіндіні бекіту үшін оны бөлшектің бір жағына қарай бүктейді,
бүгіп көктейді, үтіктейді және беткі жағынан модельмен көзделген
арақашықтықта әрлегіш тігімді салады.
Жиектемелі
тігістер қайым, бастырма және жөрмеу тігістері
болып бөлінеді.
Жиектемелі жөрмеу тігісін (1.124-сурет) формалық киім
дайындау кезінде қолданады. Бұл тігісті орындау үшін көмкермеге
арналған жолақты ішке қарай қосарлап салады,
негізгі бөлшектің
біріне жапсырады, екінші негізгі бөлшекпен жабады, қиықтарды
теңестіреді және арнайы құрылғының көмегімен техникалық
шарттарда көрсетілген арақашықтықта сырып тігеді.
Тігіс қиықтарын ішкі жағынан айыра үтіктейді.
Арнайы
құрылғы болмаған жағдайда, қосарланып бүктелген кесіндіні әуелі
беткі жағынан орналастыра отырып, бір бөлшекке қосып тігеді.
Одан кейін екі негізгі бөлшекті беткі жақтарын ішке қаратып сала-
1.122
-сурет. Бүкпе тігістер:
а – бір жаққа жатқыза үтіктеу кезінде; б – айыра үтіктеу кезінде
Достарыңызбен бөлісу: