Z
4
1.8-кестенің соңы
Тігіс
Тігістің графикалық кескіні
Желімдік материал
Жабық қиықты
бүктемелі
Желімдік жіп,
желімдік шілтер,
желімдік таспа
1.4.1.
Киім бөлшектерін өңдеуге арналған
желімдік материалдар
Желімдік
материалдарды қолдану жағаға, манжетаға және
киімнің басқа да бөлшектеріне
тұрақты пішін мен тартымды
сыртқы түр береді. Олардың ең кең таралғандары:
■
біржақты нүктелі полиэтилен жабыны бар жартылай қатты іштік
мата;
■
біржақты тегіс полиэтилен жабыны бар жартылай қатты іштік
мата;
■
желімдік жабыны бар жиектік желімдік іштік мата;
■
қатты сіңірмесі бар іштік материал;
■
шілтер тәріді желімдік тоқылмаған материал;
■
желімдік жабыны бар тоқылмаған іштік материал;
■
желімдік жіп;
■
желімдік тор;
■
желімдік таспа;
■
желімдік ұнтақтар мен пасталар.
Нүктелі полиэтилен жабыны бар жартылай қатты іштік
мата
— бір жағынан жоғары
қысым астындағы полиэтилен
ұнтағымен жабылған мақта-мата кездеме (бөз не мадаполам).
Жаңаларды, манжеталарды, белбеулерді және т.б. қатырмалау үшін
қолданылады.
Біржақты тегіс полиэтилен жабыны бар жартылай қатты
іштік мата
— бір жағы жоғары қысымды полиэтилен ұнтағымен
тұтас жабылған аққа боялған отырмайтын миткаль. Жағаларда,
манжеталарда, қақпақшаларда, қалталарда, белбеулерде және т.б.
іштіктер үшін қолданылады.
Жиектік желімді іштік мата
— бір жағы желімді полиамид
ұнтағымен жабылған мақта-мата кездеме (миткаль не мадаполам).
Жүн, жартылай жүн маталардан немесе
синтетикалық талшықты
маталардан жасалған бұйымдарда жағаларды,
манжеталарды және
басқа да бөлшектерді қатырмалау үшін пайдаланылады. Іштік жи-
117
ектік матамен өңделген бұйымдар химиялық тазалауға төзімді.
Достарыңызбен бөлісу: