Оқулық «Білім беруді дамыту федералдық институты»


-кесте. Машина жұмыстарының терминологиясы



Pdf көрінісі
бет71/321
Дата04.09.2023
өлшемі13,94 Mb.
#105974
түріОқулық
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   321
Байланысты:
7d6a2d54b54db2ebe9d242e24bcc4fb8

1.8-кесте. Машина жұмыстарының терминологиясы
Операция
Операцияның сипаттамасы
Қолданылу саласы
Сырып тігу
Ауданы бойынша тең 
немесе шамамен тең екі не 
бірнеше бөлшектерді 
қосарлы жиектері бойынша 
жіппен біріктіру
Бүйір және иық 
қиықтарын, жең 
қиықтарын және т.б. 
сырып тігу
Қосып тігу
Ауданы бойынша әртүрлі 
екі не бірнеше бөлшектерді 
біріктіру
Өңірастына 
қондырмаларды, алдыңғы 
бойға қақпақшаларды, 
жеңдерге манжеталарды 
және т.б. қосып тігу
Жөрмеу
Екі бөлшекті жиек 
бойымен біріктіру, 
кейіннен оларды беткі 
жағына теріс айналдыру
Қақпақшаларды, жағаны, 
өңірлерді, белдікшелерді 
және т.б. жөрмеу
Қондырып 
тігу
Екі бөлшекті сопақ контур 
бойымен жіппен біріктіру
Тұтас пішілген жеңдері 
бар бұйымдарда жеңді 
қолтық ойындысына, 
астыңғы жағаны мойын 
ойындысына және қолтық 
қиындысына қондырып 
тігу
Бастыра тігу
Бір бөлшекті екінші 
бөлшекке оларды біріктіру 
үшін төсеу, тігіс әдіптерін, 
бір жаққа бағытталған 
қатпарларды бекіту
Бүйір және иық 
қиықтарын, иініштерді, 
жапсырмалы қалталарды 
және т.б. бастыра тігу
Айыра тігу
Кері жаққа бағыталған 
тігіс, қатпар әдіптерін 
бекіту үшін бөлшектерде 
тігімдерді салу
Жең, алдыңғы бой 
тігістерін, белдемше 
ендерін біріктіру 
тігістерін, қарсы 
қатпарларды және т.б. 
айыра тігу
113


1.8-кестенің соңы
 
 
Операция
 
Операцияның сипаттамасы
 
Қолданылу саласы
Бүгіп тігу
Бөлшектің не бұйымның, 
қатпарлардың, 
бүкпелердің, 
бүкпесіндердің бүктелген 
жиектерін бекіту үшін 
тігім салу
Мақта-мата 
бұйымдарында 
әдіптердің, көйлек 
етектерінің, жеңдердің, 
белдемше негізіндегі 
блузкалар етегінің және 
т.б. ішкі жиектерін бүгіп 
тігу
Шеттіктеу
Жиектерді әрлеу немесе 
қиықтарды сетінеп 
кетуден сақтау үшін 
негізгі не басқа 
материалдың бөлшек 
қиықтары мен кесінді 
тігістерін өңдеу
Жеңіл киімде мойын, 
қолтық ойындысын, 
өңірлерді және басқа да 
қиықтарды өңдеу, сырт 
киімде өңірастының 
ішкі жиектерін, тігіс 
қиықтарын және бұйым 
етегін өңдеу
Қаба тігу
Беріктік, икемділік бер 
үшін немесе сәндік үшін 
бір-біріне салынған екі не 
одан көп бөлшектерді не 
материал қабаттарын 
жекелеген бөліктерде не 
бүкіл өң бойымен 
біріктіру
Сырт киімде 
лацкандарды, жағаны, 
курткаларда жекелеген 
бөлшектерді не олардың 
бөліктерін, жылулық 
іштігі бар астарды қаба 
тігу
Бөлшек қиығын 
керітпелеу
Қиықтың сетінеп кетуін 
жол бермеу үшін немесе 
сәндік үшін бөлшек 
жиектерін машинада 
немесе арнайы құрылғы 
арқылы пішінді ойықпн 
безендіру
Крепдешин бұйымдарда 
біріктіру тігістерінің 
қиықтарын керітпелеу, 
күдері бұйымдарда 
бөлшек жиектерін әрлеу
Жапсыра тігу, 
айналдыра 
көктеу, бүгіп 
көктеу, қосып 
көктеу, көктеу, 
жапсыра тігу
Операциялардың сипаттамасы мен міндеті қол 
жұмыстарында көрсетілгенге ұқсайды. Операциялар 
арнайы машиналарда орындалады.
 
 
 
114


Ерлер, әйелдер мен балалар киімдерін дайындау бойынша 
машина жұмыстарын орындау кезінде келесідей техникалық 
шарттарды сақтау қажет. 
1.
Барлық ішкі тігімдерді сырт материалдың түсіне сәйкес 
орындау қажет. 
2.
Жіп, 
машина 
инелерінің 
нөмірлері 
және 
тігім 
инешаншымдарының жиілігі мата қалыңдығына және стандарт 
бойынша орындалатын операцияның сипаттамасына сәйкес келуі 
тиіс. 
Жіпті тігістерден басқа ультрадыбыспен және жоғары жиілікті 
токпен орындалатын дәнекерлеу тігістері қолданылады. Бұл 
тігістердің сапасы техникалық құжаттамада көрсетілетңн нақты 
операцияларды орындауға қойылатын талаптарға жауап беруі тиіс. 
3.
Жүн және жібек маталардан бұйым дайындау кезінде барлық 
сыртқы ашық тігімдер, сондай-ақ ілгектер мен бекітпелер жібек не 
синтетикалық жіптермен орындалады. Лавсанды зығыр матадан 
бұйым тіккен кезде № 50 мақта-мата жіптерін қолданады. 
Жекелеген тігімдердегі жіп түсі модельде қарастырылады. 
4.
Жекелеген тігімдердің үстіңгі жіп ұштарын ішке қарай 
шығарады да түйіншектейді не 3...4 қол инешаншымдарымен 
түйеді. 
5.
Сырып тігу машинасында орындалатын барлық ішкі 
тігімдердің ұштарын (бүйір, иық қиықтарын, жең бөлшектерін 
сырып тіккен кезде) ұзындығы 0,7...1 см кері қосарлы тігіммен 
бекітеді; арнайы машиналарда жұмыс жасаған кезде кері тігімнің 
ұзындығы 1,5...2 см болады. 
6.
Тігімдерді тұйық сызықтар бойымен салу (мысалы, жеңдерді 
қондырып тігу, бұйым етегін бүгіп тігу) кезінде тігіс шеттеріндегі 
тігімдер бір-біріне кем дегенде 1,5...2 см кіріп тұруы тиіс. 
7.
Тігіс параметрлері мен олардың қолданылуы тігістерге 
қойылатын техникалық талаптарға сәйкес келуі тиіс. 
8.
Бөлшектерді сырып тігу, тігістерді жапсыра тігу, әрлегіш 
тігімдерді салу бағыттаушы сызғыштар арқылы орындалады. 
Пішінді әрлегіш тігімдерге арналған сызықтарды лекало бойымен 
белгілейді. 
9.
Бірі түзу қиықтан, ал екіншісі қиғаш қиықтан тұратын екі 
бөлшекті біріктірген кезде, қиғаш қиықты бөлшек астынан, түзу 
қиықты бөлшек үстінен қойылады. 
10.
Әртүрлі қалыңдықтағы маталардан екі бөлшекті біріктірген 
кезде астына қалың мата бөлшегін қою қажет. 
11.
Бірінің қондырмасы бар екі бөлшекті біріктірген кезде, 
қондырылуы тиіс бөлшекті астына қою қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   321




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет