Оқулық «Білім беруді дамыту федералдық институты»



Pdf көрінісі
бет79/321
Дата04.09.2023
өлшемі13,94 Mb.
#105974
түріОқулық
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   321
Байланысты:
7d6a2d54b54db2ebe9d242e24bcc4fb8

Баспақтар 
жетек типіне, баспақтау күшіне және жастықша 
түріне қарай өзгешеленеді. Баспақтардағы жетек механикалық, 
электрлік, пневматикалық және гидравликалық болуы мүмкін. 
Механикалық жетекті баспақтарда жастықшалардың жабылу және 
ашылу механизмдері электрқозғалтқышпен, пневматикалық жетекті 
баспақтарда сығымдалған ауа арқылы, гидравликалық жетекті 
баспақтарда цилиндрдегі май қысымы арқылы жұмыс істейді. 
Барлық баспақтар екі іске қосу батырмасын басқан кезде 
әрекетке келтіріледі. Жастықшаларды жылыту үшін буды немесе 
электржылытқыш элементтерді қолданады: шиыршықты, түтік 
тәрізді (ТЭЖ) және жартылай өткізгіш. 
Өнеркәсіпте э л е к т р - б у л ы баспақтар кеңінен қолданылады. Бу 
өңделетін бөлшектердің ылғалдануы, ал электрлік жылыту қажетті 
128


температураны қамтамасыз етеді. 
129


1.36-сурет. Баспақтар
Бұйымды электр-булы баспақтарда қалған ылғалды вакууммен 
сора отырып, бұйымды өңдеген кезде ЫЖӨ сапасы едәуір арта 
түседі. Электр жылытқышы бар үтіктегіш баспақтардың қол немесе 
автоматты бүріккіштері бар. 
Жастықшалардың температурасы өңделетін материалдың түріне 
байланысты болады. Егер материалдың құрамында әртүрлі талшық 
болса, онда жастықшалардың температурасы жылуға ең сезімтал 
талшық бойынша белгіленеді. Әрбір баспақтың екі жастықшасы 
болады – үстіңгі және астыңғы. Сырт киім дайындау кезінде 
қолданылатын жастықшалардың пішіні орындалатын операцияға 
байланысты. 
Баспақтау күшіне қарай баспақтарды ауыр, орташа және жеңіл, 
ал міндетіне қарай жекелеген бөліктер мен бөлшектерді өңдеу үшін 
әмбебап және арнайы деп бөлінеді. 
Көйлек пен іш киім дайындаған кезде бөлшектердің жиектерін 
(планкаларды, түймеліктерді, жапсырмалы қалталарды және т.б.) 
бүгуге арналған ү с т е л ү с т і л і к б ү к т е г і ш б а с п а қ т а р 
пайдаланылады. 
Бұл 
жабдық 
жеке 
немесе 
топтық 
бу 
генераторларынан бумен жабдықталады және өңделетін бөлшектер 
мен бұйымдарды булау, баспақтардың астыңғы жастықшаларын 
және үтіктегіш үстелдердің үтіктейтін тақталарын жылыту үшін 
қызмет етеді. Баспақтардың үстіңгі жастықтарының электрлік 
жылыту жүйесі бар. Үстіңгі жастықшаларды жылыту 
температурасы 80... 200 °С аралығында реттеледі. 
Баспақтардың автоматты құрылғысы булау, баспақтау және 
өңделетін бөлшектерден ылғалды сору ұзақтығын бақылауға 
мүмкіндік береді. 
Арнайы баспақтар тобына жеңтүптерді үтіктеуге арналған 
ПЛГС баспақтары, қолтық ойындылары бойынша қондырмаларды 
жия үтіктеуге арналған СПР-1, СПР-2, СПР-3 баспақтары 
(пневматикалық жетегі бар), қолтық ойындылары бойынша 
қондырмаларды жия үтіктеуге арналған СПРГ-1, СПРГ-2, СПРГ-3 
баспақтары (гидравликалық жетегі бар), ерлер ішкөйлектерінің 
манжеталарын 
үтіктеуге 
арналған 
ПМ-1 
баспағы, 
ерлер 
пальтосының шлицалары мен артқы бой етегін өңдеуге арналған 
прессы ГПКС-П, ГПКС-Л баспақтары, ерлер пальтосына арналған 
бүйір пішінді БФС баспағы, ерлер ішкөйлектерінің бітімін өңдеуге 
арналған баспақ ерлер ішкөйлектерінің жағалары мен 
манжеталарын өңдеуге арналған баспақ жатады. Арнайы 
жабдықтқа, мысалы, сырт киім бөлшектерін қатырмалауға арналған 
қондырғы жатады. 
130


Бұйымдарды булағыш аппараттар мен бу-ауалы манекендер 
арқылы булайды. 
Булағыш баспақтың әдеттегі баспақтан айырмашылығы – жұмыс 
кезінде жастықшалар өңделетін бөлшекті қатты қыспайды, үстіңгі 
жастықш бумен жылытылады және будың шығуына арналған 
көптеген тесіктері бар. 
Шағын кәсіпорындарда ОАГ-2 булағыш аппараты кең 
қолданысқа ие, онда будың көмегімен дайын тігін бұйымдарынан 
жылтырақ дақтарды – баспақтау салдарынан туындайтын жылтырақ 
іздерді алып тастайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   321




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет