133
Транзисторлы кілттердің жұмыс жасау тәртіптері бұған дейін
5.4.2.бөлімде
қарастырылған
болатын.
Коммутацияланатын
тізбектердің өзара байланысын азайту мақсатында қайта қосқыш
элементтер ретінде, жабық күйінде өте жоғары қарсылық күшке ие
өрістік транзисторлар қолданылады. Тиристорлар өте жоғары тоқ
күштерін қайта қосуға қабілетті (жүздеген амперлерге дейін), алайда
олардың жылдам әрекет етулері төмен болып келеді.
5.18 суретте жылжымалы тіркегішпен басқарылатын, төрт
қосқышты және бір ажыратқышы бар өрісті транзистордағы
байланыссыз коммутатордың сызбасы келтірілген.
Төрт қосқышты және бір ажыратқышы бар коммутаторлар
мультиплексорлар деп аталады және әдетте оларға арналған ортақ
күштегіштің немесе балама-сандық қайта қосқыш қосқышына
датчиктерден келіп түсетін сигналдық белгілерді кезекпен қосу үшін
автоматтық жүйелерде қолданылады. Бір қосқышты және төрт
ажыратқышы бар коммутаторлар
демультиплексорлар деп аталады
және қажетті басқарушы механизмге басқарушы сигналдық
белгілерді беру үшін қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: