Күрделі жүйелерді құруда, əсіресе микропроцессорлық
құрылғылар мен есептеуіш құралдар базасында, жоғарғы деңгейдегі
техникалық
құралдар
арасындағы
ақпаратпен
алмасу
интерфейстердің көмегімен іске асырылады.
Интерфейс немесе
енгізу-шығарудың жанасуы - жүйеге кіретін жəне ақпаратты жинау,
өңдеу жəне пайдалану үшін тағайындалған құрылғылардың өзара
əрекетін іске асыратын жəне орнататын бағдарламалық жəне
аппараттық құрылғылардың жиынтығы.
Анықталғандай интерфейс бағдарламалық жəне аппараттық
бөліктерден
тұрады.
Бағдарламалық
(ақпараттық)
бөлім
дабылдармен (тəртібін) жəне ақпаратпен (алгоритмдер мен
уақытша диаграммалар) алмасу хаттамасын анықтайды Аппараттық
бөлік (интерфейстік карталар, платалар) функционалдық модульдер
арасындағы басқарушылық, адрестік, хабар беру жəне басқа да
дабылдармен ақпараттық алмасуды іске асыруға мүмкіндік береді.
ӨАМЖ «Жалпы шина» (ЖШ) жəне «Бірыңғай интерфейс» (БИ)
интерфейстері біршама таралған.
интерфейстер ақпаратты жинау жылдамдығын, ЭЕМ немесе
контроллер жадын жүктеуді, аппаратура құнын анықтайды,
сондықтан да қазіргі уақытта рационалдық интерфейстерді құру
бойынша қарқынды жұмыстар жүргізілуде.
Достарыңызбен бөлісу: