Оқулық "Білім беруді дамытудың федералдық институты" Федералдық мемлекеттік автономдық мекемесі "



Pdf көрінісі
бет102/216
Дата06.01.2022
өлшемі4,38 Mb.
#14749
түріОқулық
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   216
Байланысты:
Шишмарев Өлшеу құралдары. Оқулық

FG
EF
DE
BD
 
;
1
2
1
1
2


EG
EF
CF
AB
 
138 


орын ауысу сомасына тең G  нүктесінің орнын ауыстыру қатынасын 
көрсету  қиын  емес,  яғни  бақыланатын  тетіктердің  диаметрі 
шамасының өзгеруіне тең. Аспаптың беріліс тізбегінің жылжымалы 
қосылыстарындағы тозуды азайту үшін, сонымен қатар G, E, жəне 
C  нүктелерінің  кинематикалық  қателіктерін  жою  үшін  бір  түзуде 
орналасуы тиіс. 
8.7, д-суретте Лукашова аспабының сұлбасы суреттелген. Аспап 
орталықсыз  ажарлағыш  автоматта  астаушаларды  ішкі  тегістеу 
процессін  басқарады.  Өңдеу  кезінде  сақина  1  жəне  2 
шығыршықтарға  негізделеді  (8.7,  ж-сурет).  Осының  нəтижесінде 
сақина  осінің  күйі  оның  сыртқы  базалық  бетінің  диаметрінің 
шамасымен анықталады. Мұндай жағдайларда тек тіктелей бақылау 
əдісі, яғни диаметрлік өлшеу өңдеудің қажетті дəлдігін қамтамасыз 
ете  алады.  Бұл  бірдей  деңгейде  қатты  тіректерде  (башмактарда) 
өңдеуге жатады. 
Келтірілген сұлбадан көргендей, мұндай құрылымдағы аспаптар 
жылжымайтын корпустары бар аспаптарға жатады, бұл тербелістің 
əсер етуі жағынан олардың кемшілігі болып табылады. 
Ішкі  тегістеу  кезінде  қатты  калибрлері  бар  жүйелері  кең 
таралымға  ие  болды  (8.7,  ф-сурет).  Себебі  бөлшектер  өтпеге 
өңделеді,  мұндай  жүйелердің  дəлдігі  біршама  деңгейде  əрбір  өтпе 
үшін  бөлшектен  алынатын  металл  қабатының  жуандығына 
байланысты болады. Оған қоса, қатты калибрлері бар сұлбалардың 
дəлдігіне  өлшеу  объектісі  мен  калибрі  арасына  жоңқалар  мен 
абразивтік  тозаңның  түсуі,  өлшеуіштік  күш  шамасының 
тұрақсыздығы,  калибрлердің  тозуы  мен  олардың  сынуы, 
бақыланатын тесік пен калибрдің осьтік сəйкессіздігі нəтижесіндегі 
калибрлердің  қиғаштануы,  басқарушы  алмаздың  тозуы,  сонымен 
қатар  калибр  мен  өңделетін  бөлшектің  бағыттаушы  жүздерінің 
сапасы əсер етеді. 
Калибр  мен  деталь  арасына  жоңқалар  мен  абразивтік  тозаңның 
түсуін  азайту  үшін  мол  жəне  сəйкес  түрде  бағытталған 
салқындатуды қолдану қажет. 
Калибрлер  жетегінің  жүйесіндегі  үйкеліс  күшінің  сипатының 
өзгеру салдары өлшеуіштік күштің тұрақсыздығы болып табылады, 
сондықтан да оның сезімталдығын арттыруға ұмтылу қажет. 
Қатты  калибрлері  бар  жүйенің  ірі  қателіктерінің  бірі  өлшеуіш 
беттердің  тозуы  кезінде  олардың  өлшемдерін  реттеудің  мүмкін 
еместігі  болып  табылады.  Тозуды  азайту  үшін  калибрлер  қатты 
қорытпамен  арматураланады.  Калибрлердің  аздаған  тозуын 
өлшеуіштік  күш  түзетін  серіппені  тарту  арқылы  реттеумен  өтеуге 
болады. 
Алмаздың  тозуы  арқылы  шеңбердың  басқарылуы  өңдеудің 
дəлдігіне  жанама  əсер  көрсетеді:  жүйенің  күштік  деформациялары 
артады,  сəйкесінше,  өтпе  үшін  бөлшектен  алынатын  металл 
қабатының дəлдігі де артады. Сондықтан да көрсетілген 
139 


тозуды  шеңбер  жаққа  алмазды  мерзім  сайын  беру  жолымен  өтеу 
қажет. 
Әртүрлі  фирмалардың  мəліметтері  бойынша,  қатты  калибрлері 
бар жүйелердің қателігі 0,01 мм тəртібіндегі шаманы құрайды. 
Бұл  жүйелердің  жағымды  ерекшелігі  -  бақыланатын  шаманың 
шағын өзгерістерінің калибрдің айтарлықтай қозғалуына түрлендіру 
мүмкіндігі  болып  табылады,  бұл  басқару  органдары  ретінде 
қарапайым  шеткі  ажыратқыштарды  пайдалануға  мүмкіндік  береді 
(бұл  жағдайларда  іске  қосылу  қателігі  маңызды  емес).  Қатты 
калибрлері  бар  жүйелер  тербелістерге  сезімтал  емес  жəне  үзілмелі 
беттерді  біршама  қарапайым  бақылауға  мүмкіндік  береді.  8.8-
суретте  белсенді  бақылаудың  жанама  әдістерініңдəлдігін 
арттыруға  мүмкіндік  беретін  өлшеудің  принципиалдық  сұлбалары 
келтірілген. 
8.8, а суретте ершік тəріздес аспапты пайдалану арқылы жанама 
өлшеу  көрсетілген.  Өлшеу  базасы  тегістелетін  бөлшектің  бетімен 
сəйкес 
келетіндіктен, 
мұндай 
əдіс 
бөлшектің 
күштік 
деформациясының  əсерін  жояды  (шеңбердің  тозуының  əсерін 
өтеуден басқа, сонымен қатар станок пен кескіш аспаптың жылулық 
жəне күштік деформациясы). Бірақ та бұл жағдайда əдетте  39° тең 
призманың бұрышын  эксплуатациялық есептері бойынша орындау 
мүмкін  емес,  ол  кезде  өлшеудің  жанама  əдісінің  дəлдігі  теория 
жүзінде  тік  əдістің  дəлдігіне  тең.  Сонымен  қатар  60°  бұрышы  бар 
призманы  пайдалану  мүмкін  емес.  Бұл  жағдайларда  призма 
бұрышына  өлшеу  нəтижесінің  тəуелсіздігін  қамтамасыз  ететін 
аспаптың  мұндай  құрылымы  мақсатты  болады.  Ол  үшін  сұлбада 
берілген  иінтіректі  беріліс  қызмет  атқарады.  Тетікті  пайдаланған 
кезде  аспаптың  берілістік  қатынасы  призма  бұрышына  қарамастан 
1: 2  тең. 
8.8,  б,  в  суретте  орталықсыз  тегістеу  кезіндегі  шеңберлер 
арасындағы  қашықтықты  сəйкесінше  контактілік  жəне  контактісіз 
əдістермен 
бақылау 
сұлбалары 
суреттелген 
(соңғысы 
пневматикалық  жəне  гидравликалық  əдістермен  іске  асырылады). 
Өлшеудің  мұндай  жанама  əдісі  дəлдігі  бойынша  тікелейге  жақын, 
себебі  бөлшектің  өлшемі  шеңберлер  арасындағы  қашықтықпен 
анықталады. Бұл жағдайда тегістеуші шеңбердің кескіш бетінің күйі 
бақыланатындығына  қарамастан,  аспап  оның  тозуынан  басқа 
станоктың  жылулық  жəне  күштік  деформациясының  əсерін  өтеуге 
мүмкіндік береді. 
Ішкі  тегістеу  кезінде  8.8,  г  суретте  көрсетілген  сұлба  бойынша 
бақылайтын  екі  контактілік  өлшеуіштік  құрылғылар  қолданылады. 
Бірақ  та  автоматты  түрдегі  ішкі  тегістеу  кезінде  əдетте  үлкен 
диаметрлі  шеңберлер  пайдаланылады.  Бұл  жағдайларда  аспаптың 
өңделетін бөлшекпен жанасуының жалғыз мүмкін нүктесі А нүктесі 
болып табылады (бұл əсіресе кішкентай диаметрлері бар тесіктерге 
жатады). Оған қоса бір контактілі 
140 


 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   216




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет