11.3. Контактілік әдістер мен температураны өлшеу құралдары Егер электрлік емес физикалық шама - температураны Т -
біріншілік өлшеуіш түрлендіргіштер көмегімен қандай да бір
пропорционалдық электрлік шамаға (ЭҚК Е, кернеу U, ток I, кедергі
R, дабыл жиілігі f жəне т.с.с.) түрлендірсе, онда сосын оның мəнін
электрлік өлшеу құралдарымен анықтау жеңіл болады.
Біріншілік өлшеуіштік түрлендіргіштерді (тетіктерді) құру
кезінде əртүрлі физикалық əсерлер пайдаланылады. Негізінен
термоэлектрлік тетіктердің келесі түрлері қолданылады:
• металлдан жасалған кедергі термометрлері (КТ);
• термоэлектрлік түрлендіргіштер (ТТ) - термобулар,
• жартылай өткізгішті кедергі термометрлері - термисторлар;
• жартылай өткізгішті интегралдық сенсорлар - тетіктер;
• кварцтік резонаторлар негізіндегі тетіктер.
Түрлендіргіштердің бұл санатының негізгі ағылшын тілді
терминдері мынадай: Resistance Temperature Detector (RTD) —
кедергі термометрі; Thermo-Couple (ТС) — термобулар; Thermistor
— термистор; Monolithic Linear Temperature Sensor — монолиттік
жартылай өткізгішті тетік (турленудің сызықтық сипаттамасы бар);
Quartz Sensor — кварцті тетік.
Бұл
біріншілік
өлшеуіштік
түрлендіргіштердің
негізгі
ерекшеліктерін келесі түрде сипаттауға болады:
Металлды КТ (11.2, а) жоғары дəлдікті, жақсы сызықтықты,
тұрақтылықты жəне сипаттамалардың қайталанушылығын
197