11.3.5. Температураның әртүрлі тетіктерін салыстыру Әртүрлі температура тетіктерінің мүмкіндіктерін 11.9-суретте
көрсетілген диаграммада салыстыруға болады, онда ең көп таралған
біріншілік
өлшегіштік
температуралық
түрлендіргіштерді
қолданудың бағдарлы диапазондары көрсетілген: кедергі
термометрлері - платиналы (ПТК) жəне мысты (МТК);
термоэлектрлік түрлендіргіштер - əртүрлі типтегі термобулар;
термисторлар; интегралдық жартылай өткізгішті тетіктер мен
кварцті резонаторлар негізіндегі тетіктер.
Температураны динамикалық өлшеу жəне жылдам өзгеретін
жылулық процестерді тіркеу үшін маңызды параметр - негізінен
тетіктің құрылымымен жəне əсіресе оның қорғаныс арматурасының
құрылымымен анықталатын термоэлектрлік түрлендіргіштердің
жылу
инерциясы
болып
табылады.
Жылдам
өзгеретін
температурасы бар эксперименттерде, егер бұл жағдайды
ескерілмесе, елеулі динамикалық қателіктер болуы мүмкін. Бұл
əсіресе бақсару жүйесінің құрамында жұмыс істейтін тіркегіштер
мен температура өлшеуіштері үшін өте маңызды, онда, əдетте,
нақты уақыт деп аталатын режимді қамтамасыз ету қажет.
Тетіктердің температураның секірмелі өзгеруіне (асимптоталық
мəннің 99% деңгейіне жету уақыты) жауап беру уақытының мəні
бірнеше секундтан ондаған минутқа дейін аралықта жатыр. Кедергі
термометрлері мен термисторлары ұрылымдарының жекелеген
арнайы əзірлемелерінде
11.9-сурет. Әртүрлі типтегі тетіктерді қолданудың типтік
диапазондары
209
секундтың ондық үлестеріндегі реакция уақытына қол жеткізілуі
мүмкін.