Бақылау сұрақтары 1. Кеңеюдің металлды термометрлері қандай принциптерде
жұмыс істейді?
2. Сұйықтықты жəне газды термометрлердің қандай түрлері
бар?
3. Қатты денелердің сызықтық кеңеюі мен сұйықтықтың
көлемдік кеңеюінің қандай температуралық коэффициенттері бар?
4. Контактілік əдістер мен температураны өлшеудің қандай
құралдары бар?Температура тетіктерінің біршама кең таралған
негігі типтері қандай?
5. Кедергінің металл термометрлерінде өлшеудің қандай
принципі пайдаланылады? Мыс жəне платиналы ТС сипаттамалары
қандай?
6. Көпірлік сұлбалардың қандай түрлері ТС қосу үшін
пайдаланылады? ТС қателіктері қалай өтеледі?
7. Термоэлектрлік əсер неден тұрады? Термобулардың бос
ұштарына қоршаған ортаның температурасының əсері қалай
өтеледі?
8. Термобулардың негізгі типтерінің сипаттамалары қандай?
9. Кедергінің
жартылай
өткізгішті
термометрлері
(термисторлар) мен интегралдық жартылай өткізгішті тетіктер
қалай жұмыс істейді?
216
10. Температураны əртүрлі тетіктермен өлшеудің диапазоны
қандай?
11. Контактілік сандық термометр қалай құрылған жəне қалай
жұмыс істейді?
12. Температураның контактілік өлшемдерінің ерекшеліктері
қандай?
13. Температураны өлшеудің контактісіз əдістері қандай?
14. Температураны өлшеудің ИҚ əдісі неге негізделген? ИҚ-
термометрдің құрылымы қандай?