Жасырын жəне айқын жарамсыздық статикасына негізделген
ТАИ есептеу əдістерін қолдану əртүрлі типтегі өлшеу
құралдарының МС уақытында өзгеру процесстері бойынша
эксперименттік мəліметтердің көп мөлшерінің болуын қажет етеді.
Мұндай түрдегі зерттеулер біршама көп еңбекті қажет етеді жəне
біршама уақытты алады. Осымен əртүрлі типтегі аспаптардың
ескіру процесстері туралы жарияланған статистикалық мəліметтері
өте аз екендігі түсіндіріледі. Өлшеу құралдарының техникалық
сипаттарында, əдетте, жарамсыздыққа дейінгі орташа атқарылым,
орташа немесе гамма-пайыздық ресурсы жəне қызмет көрсету
мерзімі келтіріледі. Бұл ТАИ санау үшін айқын жеткіліксіз.
Экономикалық критерии бойынша тексеру аралық интервалды
анықтау осындайй интервалды таңдау тапсырмасын шешуден
тұрады, мұнда өлшеу құралдарын пайдалануға шығындарды
минималдандыруға жəне оның салдарын өлшеу қателіктерімен
тудырылған мүмкін қателіктерден оқшаулау болып табылады. ТАИ
анықтау үшін өлшеу құралын жөндеу мен тексеру құны туралы,
сонымен қатар оны пайдаланудан шығару мен метрологиялық
ақауы бар аспапты пайдаланудан шығындар туралы мəліметтер
бастапқы ақпарат болып табылады. Бұл əдісті қолданудың негізгі
қиындығы келесілерден тұрады. Өлшеу құралдарын жөндеу мен
тексеру шығындары нормативтік құжаттар бойынша анықталады.
Олардан айырмашылық жасырын метрологиялық жарамсыз
аспаптарды пайдаланудан келетін шығындар əдетте тəжірибеде
белгісіз. Әртүрлі түрдегі шығын функциясы түріндегі жасырын
метрологиялық жарамсыздыққа ие өлшеу құралдарын пайдалануға
шығындарды сипаттайтын жуық үлгілерге жүгінген жөн.
Біршама қарапайымы оның шамасын келесілік түзету арқылы
ТАИ туынды тағайындаудан тұратын əдіс болып табылады. Бұл
жағдайда минималдық бастапқы ақпарат кезінде біріншілік
интервал тағайындалады, ал келесілік тексеру нəтижелері оны
түзету үшін бастапқы мəліметтер болып табылады.
Бірінші ТАИ мемлекеттік жəне ведомстволық метрологиялық
қызметтердің нормативтік құжаттарының ұсыныстарына сəйкес
таңдалады.
ТАИ келесі мəндері бір типті өлшеу құралдарының көп
мөлшеріне жүргізілген тексерулердің нəтижелерін ескере отырып
бірінші интервалды түзету жолымен анықталады.
Достарыңызбен бөлісу: